Жеті ата. Бұл – қазақ
халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың
нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін
білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.
"Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін
боларсыз.
Жеті жұт. 1.
Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6.
Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр
жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7.
Жылқыда өт жоқ.
Жеті қазына. Ол жөнінде
пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды
жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5.
Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
Жеті жетім.
Тыңдамаған сөз жетім.
Киюсіз тозған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу, қазсыз көл жетім.
Жерінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім.
Жеті ғашық. 1.Ләйлі –
Мәжнүн, 2.Жүсіп – Зылиха, 3.Фархад – Шырын, 4.Тахир – Зухра, 5.Арзу –
Қамбар, 6.Уәлик – Ғарра, 7.Уәки – Күлшаһ.
Лара л үнді р да үнді Милана і үнді
Мейірімді бала переводит на русский?
Адамның өмірінде ең қасиеті де тәтті нәрсе ананың ақ сүті. Ананың ақ сүті арқылы ана тілімізді танимыз, ана тілінде сөйлейміз. Өз ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас ең зор адамшылдық пен мәдениеттіліктің, тәрбиеліліктің өлшемі болып табылады, -дейді анам. Олай болса өз ана тілін Отанындай, туған халқындай, ата-бабасындай сүюге біз міндеттіміз. Халқымыздың тәуелсіздігінің де ең басты белгісі ана тілінде екендігін біз білеміз. Олай болса біз неге өзге тілде сөйлеу керекпіз. Мен өз сыныптас достарымның үзіліс кездерінде немесе мектептен тыс кездерді орысша көп сөйлейтініне қарсымын. Өзім де тілімді шұбарламауға әрекет жасаймын. Еліміздің тәуелсіздігінің ғұмыры ұзақ болсын десек құрметті анамыздан, ана тілімізден бастасақ бізден жаман ұрпақ шықпаса керек.
«Өмірде ана-бұлақ, ана-пана,
Өмірді өркендетер ана ғана,-
деп ақындарымыз жырлағандай туған анамыз бен туған тіліміз біз үшін ең асыл да ардақты.