Əр халықта озінің ана тілі бар,адам өз ана тілін құрметтеп мақтан тұта білу керек,себебі ана тіл ең жаныңа жылы сөздерді əкеледі.Өзге тілдің бəрін біл өз тіліңді ұмытпа деген халықта сөз бар адам 1 немесе 5 тілді меңгерседе ана тілін ұмытпаған жөн! себебі ол өз халқыңды өз еліңнін абройын төгілгені
Әдемі көркімен, жанға жайлы нәзік табиғатымен есте қалатын Алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар, сірә?! Онсыз да әсем әнімен баурап алатын Алматы, күн өткен сайын құлпыра түскендей. Бұл қаланың тарихи, табиғи және мәдени орны да ерекше екені сөзсіз. Жетісудың еркесіндей елітіп әкетіп, арманды арманға жалғайтын да осы – Алматы. Алайда қазіргі Алматымыздың жағдайы қалай? Қаламыз жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Оның дәлелін өзіміз де көре аламыз. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, экономикалық жағдайы, шаһардың даму процесі де айтарлықтай жақсы болмаса, жаман емес. Сонымен қатар, Алматы – жаңа мүмкіндіктер мекені болып та саналады. Осында көптеген саяси, мәдени іс-шаралар өткізіліп те жатыр. Жастардың көбісінің жаңа өмірге қадам басуына да себепкер болып, қолынан жетектегендей болады.
Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Мысалыға, қарапайым өзіміздің тәуелсіздік алған жылдардың тарихи маңызы өте зор екені белгілі. Ызғарлы желтоқсанның құрбанына айналған адамдардың өздері әлі күнге Алматының айбынды жерін еш естерінен шығармайды. Себебі бұл тарихи мекен әрі ұлы оқиға. Ал қазір тәуелсіз елдің көркем аймағына айналып отыр.
Алатауы айқарыла ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жаяды. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайлары бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екені де рас. Оның алдын алу шаралары да қарастырылуда. Дегенмен, ол шаралар шаһардың толық тазаруына көмек бере алмайды. Сол себепті әрбір алматылық азамат өз қоршаған ортасына септігін тигізіп, Табиғат-Ананы да естен шығармаған жөн. Тағы айта кетерлік жайт, бұл қала қазіргі қазақ қоғамындағы ірі мегаполистердің бірі. Жаңа заманға сай дамыған ғимараттарымен де ерекшеленеді. Бизнес пен бәсекенің орталығы және болашағынан біршама биік белестердің күтіп тұруы да ғажап емес.
Барыс жалғаулы тұйық етістіктен кейін “бол”, “тура кел” деген көмекші сөздердің келуі арқылы (“Бұдан бірдемелерді ойлап шығаруға болады”);
“-Ғы, -гі”, “-қы, -кі” жұрнақты қалау рай арқылы (“Оның ештеңеге қарағысы келмейді”);
Атау я барыс септік жалғаулы тұйық етістікке, “керек”, “қажет” сөздері тіркесу арқылы (“Енді бізге ауылдағы адамдардың көңіл күйін білу керек”);
Тәуелдік жалғаулы тұйық етістікке “мүмкін”, “тиіс” сөздері тіркесу арқылы (“Біздің баруымыз керек”);
Иұрақты сөз тіркестерінен (“Оның ішек-сілесі қатты”. “Мұртын балта кеспейді”) жасалады.
<span>Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. «Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» демекші, салт -дәстүрлерден этностың мінез - құлқы, үлгі- өнегесі, зейін- зердесі, даналығы мен даралығы, шешендігі мен тапқырлығы, ақыл - ойы, сондай- ақ, жаратушы мен жаратылысқа, өзін қоршаған жанды, жансыз әлемге деген моральдық, танымдық, этикалық көзқарастары көрінеді. Яғни, салт - дәстүр дегеніміз — халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі.</span>