Бұл - түбір сөз. Себебі, бір дара сөзден тұрады, яғни негізгі.
Ответ:
Аспан бұлттанып, күн бұзылды. таңертең ғана күлімдеген күн сәулелерін жиып алып, бұлт артына жасырынды. Жел соғып, күн салқындады. Артынша жаңбыр жауды. Күн жарқырап тұрғанда жауар ақ жауын бар. Ол көңіліңді көтеріп, жаныңа үміт ұялатып, жылы сезімге бөлейді. Ал аспан қабағы түйіліп, айналаны түнек басып, салқын тамшылар тырсылдап жерге тамғанда жан-жүрегің мұздап, көңіліңнің де аспанын бұлт басқандай болады. Бүгін де жаңбыр жауып тұр. Терезені жуған тамшыларды терезенің арғы жағынан бақылаймын. Ана бір үйдің есігінің алдында үсті-басы су болған мысық отыр. Дір-дір етеді суықтан. Сондай аянышты көрініс. Жып-жылы үйде отырсам да, су астында қалған мысықтай күй кештім. Үстіме күртешемді іле сала сыртқы атып шықтым. Бүрісіп отырған кішкене ғана мысықты қоым алып, құшағыма бастым. Ол да, мен де жылынғандай болдық. Күннің суығы мен бетімді жуып жатқан сұп-суық жаңбыр тамшыларын да елемедім. Мысықты құшақтаған күйде жып-жылы үйдің есігінен ене бердім. Үйімнің жылуынан көңілімдегі жылылық әлдеқайда бөлек еді.
Үлкенге-құрмет,кішіге ізет демекші үлкендерді сыйлау керек.Автобустарда оларға орын беру керек.Затын көтерісіп жіберу қажет.Қолдарынан демеп,жеткізіп салу керек.Үлкен адамды сыйлай білу керек. Мен үлкен адамдарға көмегімді аямаймын,себебі менің әке-шешем жақсы тәрбие берген деп ойлаймын.Оларды құрмет тұтамын.