Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер.
Жақсы келін - қызыңдай,
Жақсы күйеу - ұлыңдай.
Қызым, саған айтам,
Келінім, сен тыңда.
Айтушы ақылды болса,
Тыңдаушы дана болады.
Өзіңді- өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды.
Сұңқар қанаты ұшқанда қатаяды.
Әкесі қой баға білмегеннің,
Баласы қозы баға білмейді.
Кеме келсе, қайық судан шығады.
Сақтықты соқырдан үйрен,
Кішілікті түйеден үйрен.
Сын түзілмей, мін түзілмейді.
Бабасы еккенді, баласы орады.
Апасының киген тонын сіңлісі де киеді.
Елгезек екі айтқызбайды.
Тәрбиелі адам - тағалы атпен тең.
Жақсылық еккен алғыс орады.
Итті күшігінде үйрет.
Үлкен бастар, кіші қостар.
Шыбық тимес, шыңқ етер.
Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады.
Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.
Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,
Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.
Ине өткен жерден жіп өтер.

Ел болам десең бесігіңді түзе.

Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

Бесік көрмеген ессіз болып, есікке енеді.
Жіктеу есімдіктері. Мен ауылға бармақшымын. Асығып келген ол отыра қалды.
Сілтеу есімдіктері. Осы кітапты көп іздедім. Сонау қырдың астында біздің ауыл жатыр.
Сұрау есімдіктері. Есімдіктің неше түрі бар? Ауылдан қашан қайтасың?
Өздік есімдігі. Өзімнің туған жеріме жер жетпейді. Әр ана үшін өз баласы алтыннан да қымбат.
Жалпылау есімдіктері. Барлық бала сырғанақ тебуге аттанды. Қолындағы алмасын бәріне теңдей бөліп берді.
Болымсыздық есімдіктері. Ешбір адам өз Отанына ешқашан қастандық жасамау керек. Ештеңеге көңіл аудармаған Сәбит үнсіз қалпында сыртқа шығып кетті.
Белгісіздік есімдіктері. Алыстан біреу қол бұлғайды. Әлдеқайдан "алақайлаған" дауыс естілді.
Атау бостандық. Біздің қалада Бостандық көшесі бар.
Ілік бостандықтың. Торға отырған құс бостандықтың қадірін түсінді.
Барыс бостандыққа Ол бостандыққа ұмтылды.
Табыс бостандықты. Бостандықты бағалай біл
Жатыс бостандықта Өмірдің мәні бостандықта
Шығыс бостандықтан Оның бостандықтан басы айналып, қатты қуанды.
Көмектес бостандықпен Олар балаларына бостандықпен, еркіндікті бағалауды үйретті.
Мен тұрамын,сен тұрасың,сіз тұрасыз,ол тұрады. Мен тойлаймын,сен тойлайсың,сіз тойлайсыз,ол тойлайды. Мен айтамын, Сен айтасың, сіз айтасыз, ол айтады. Мен санаймын, сен санайсың,сіз санайсыз, ол санайды. Мен өткіземін, сен өткізесің, сіз өткізесіз, ол өткізеді.