<h2><em>Әке – асқар тау. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам.
Әр әке арманы-құрақтың өсіп қатаюы,шыбықтың шыңдағы шынар боп өсуі,балапанын өз елінің аспанында қалықтар қыранға айналуы деп білемін.
Ұлы қандай жағдай болса да, әкесiнiң оны жақсы көретiнiн, қашанда түсiне алатынын нақты бiлуi тиiс.</em></h2>
Проблема Акико? что еще нужно сделать?
Шахмат-ақыл-ой спорт түрі. Шахмат сөзінің мағынасы парсышадан <патша (шах) өлді(мат)> дегенді білдіреді. Əлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады.
Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады.Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады.Ойынның басында əрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір король, бір ферзь, екі піл, екі ат, екі ладья жəне сегіз пешка. Ойынның мақсаты қарсыластың тастарын шабуылдай отырып,корольға мат қою
Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті. Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды. Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. Не деген махаббат сұрапыл, Тәңірден берілген нұр, ақыл. Астана қазақты ғаламға, Танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп Қ.Әбілдақызы жырлағандай, Астана-Елбасының ғажайып ерлігі. Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. Әр елді Астанасы-сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар. Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: - қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазыпты. Британдық «The Sunday Times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде: «Астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы адам нанғысыз. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан болу керек», - деп жазды. Ендеше, аяулы Астана - Елбасының тарихи қолтаңбасы. «Біз жаңа астананың негізін салдық. Бұл - бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала. Бұл - біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. Бұл - біздің жол, Қазақстан жолы», - дейді Н.Ә.Назарбаев. Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір Елбасы бастаған нұрлы көш - Қазақстанның Тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақ емес. Елбасы бізбен бірге. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады.
Мен балалармен жұмыс жасауды өте ұнатамын,сондықтан мектеп қабырғасында оқып жүргенде мұғалім немесе тәрбиеші болсам деп жүр едім.Сол себептен мен педагогикалық колледжіне оқуға түстім.
<span>Бүгінгі тәрбиеші ол кішкентай балаға ,үлгі болу,оларға жақсы мен жаманды айрып білуді үйрету.Сондықтан балаға тәрбие беру үшін өзің жақсы білім алу керек
</span>Тәрбиеші болу <span>,балалардың ата-анасының сенімін ақтау.
Ал </span><span>алдыма қойған мақсатым,осы колледжі үздік бітіріп тәжірибиелі маман болу. </span>