<span>Әркімнің өзі шығар биігі бар.
Жұмсақ ағаш құртқа жем,
Жұмсақ адам жұртқа жем.
Бейтаныс кісі -
Бітеу жаңғақ.
Ақылсыз адам айқай келеді
.
Жан-жағын жайпай келеді.
Ақылды адам жай-жай сөйлейді,
Жан жағын байқай келеді.
Қағазға тіл бітірген - қалам,
Жансызға жан бітірген - адам
.
Адам ойға тоймас,
Бөрі қойға тоймас.
Темір сырын отта танытады
,
Адам сырын жоқта танытады.
Жаман адам кетсе,
Дүние кеңіп қалғандай.
Жақсы адам кетсе,
Дүние кеміп қалғандай.
Жақсы сыйлағанның құлы,
Жаман қорыққанның құлы.
Жақсының соңынан көп ереді,
Жаманның соңынан шөп ереді.
Адамгершілікке арналған үш сауап бар:
Шөлге құдық қазған бір сауап
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
Еңбек адамның көркі,
Адам заманның көркі.
Біреу, біреуге сүйеу.
Талабы жоқ жас -
Қанаты жоқ құс.
Ормансыз жер - жалаңаш,
Армансыз ер - жалаңаш.
Адамның күні адаммен.
Бітер істің басына,
Жақсы келер қасыңа.
Сырласуға дос жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.
</span>
Шернияз Жарылғасұлы (1817-1881) – халық ақыны, Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне (1836-1837) қатысушы және оның жалынды жыршыларының бірі. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісінің бел ортасында жүрген Шернияз бұл қозғалыстың ұраншысы әрі ақыны болды. Көтерілісшілер жеңіліске ұшыраған соң, Шернияз қуғындалды және оған қатаң бақылау қойылды. Осыдан кейін ол Баймағамбет сұлтанның қол астынан пана тауып, қалған ғұмырын осында өткізді. Ақын азаттық, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлады, сол арқылы Исатайдың батырлық бейнесін жасады: «Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас», «Ақ алмас, алтын сапты қылышым-ай», «Исатай ел еркесі, ел серкесі», т.б. жырларын шығарды. Шернияздың «Ай, Қазы би, Қазы би», «Тостағанды қолға алып», «Ай жігіттер», «Сөз сөйлеймін бөлмелеп», «Көл қылып құдайым талай судай ағын», т.б. өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігі, өмірдің өзгермелілігі мен оның мән-мағынасы үлкен ой елегінен өткізіле жырланады. «Шернияздың Баймағамбет сұлтанға айтқаны» көркемдігі аса жоғары туынды болып саналады. Жалпы Шернияз поэзиясы мазмұндық сипатымен, стильдік айқындығымен, көркемдік бейнелеу нақыштарының шеберлігімен ерекшеленеді.
Сүйіспеншілік дегеніміз белгілі бір затөа немесе адамға деген келесі бір адамның ішкі сезімі ,яғни ішкі толғанысы, құштарлығы, махаббаты деген сияқты