Постер..... кластер.........
“Терең”сөзінің ауыспалы мағынасын табыңыз.
A) Терең білім.
B) Терең су.
C) Терең өзен.
D) Терең көл.
E) Терең құдық.
2. Езулік дауыстылар қатарын толықтырыңыз:А, ә, е, э, ы, і, ...
A) Ө.
B) Ү.
C) О.
D) У.
E) И.
3. Соңы үнді дауыссызға аяқталатын сөзді көрсетіңіз.
A) Міндет.
B) Қозы.
C) Ағаң.
D) Көрпеш.
E) Кенесары.
4. Сөздің ең алғашқы мағыналық бөлшегін қалай атайтынын көрсетіңіз.
A) Күрделі сөз.
B) Қосарлама сөз.
C) Біріккен сөз.
D) Туынды сөз.
E) Түбір сөз.
5. Күрделі зат есімді табыңыз.
A) Жұмысшы.
B) Оқулық.
C) Асхана.
D) Өнеркәсіп.
E) Басшы.
6. Сан есімге қандай тыныс белгісі керек, анықтаңыз.
Қапты 2 ден көтеріңдер.
A) Үтір.
B) Дефис.
C) Қос нүкте.
D) Нүкте.
E) Тире.
7. Заттың өзін де, белгісін де, санын да білдірмейтін, есім сөздер орнына жұмсалатын сөз табын көрсетіңіз.
A) Етістік.
B) Сын есім.
C) Зат есім.
D) Есімдік.
E) Сан есім.
8. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.
A) Барған.
B) Барды.
C) Бар.
D) Бармақ.
E) Барар.
9. Сөйлемде неше еліктеу сөз барын белгілеңіз.
Қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті.
A) 3.
B) 2.
C) 4.
D) 1.
E) 5.
10. Омоним бола алмайтын сөзді белгілеңіз.
A) Терезе.
B) Өлең.
C) Табыс.
D) Отау.
E) Орыс.
11. Сөз арасындағы кейінді ықпалды табыңыз.
A) Жүз сом.
B) Салт-сана.
C) Қара торы.
D) Қол орақ.
E) Тоғай іші.
12. Салыстырмалы шырайды табыңыз.
A) Сарғылт.
B) Аса көп.
C) Сап-сары.
D) Өте сары.
E) Сары.
13. Себеп-салдар үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
A) Тез келді.
B) Амалсыздан көнді.
C) Дереу жетті.
D) Етпетінен жығылды.
E) Жорта сөйледі.
14. Септеулік шылауды көрсетіңіз.
A) Шынар-ай, ойымды дөп бастың, сәулем.
B) Егер жолым болып кетсе, бәріңе жақсылық болады.
C) Жұмыстан бұрын сенімен кездесу қиын боп кетті.
D) Я ұл, я қыз болсын, ұрпақ болса болғаны.
E) Көкірегі ашуға толып тұр, бірақ оны сыртқа шығармады.
15. Жанаса байланысқан пысықтауыштық қатынасты табыңыз.
A) Мәдимен кездесу.
B) Мейірімді бала.
C) Ақсақ құлан.
D) Үздік оқу.
E) Жолдассыз адам.
16. Тура толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Тек жүрсең, тоқ жүресің.
B) Өтірікші өзін алдайды.
C) Оқусыз білім жоқ.
D) Әдеттің жөні-әдет.
E) Қар жауды.
17. Аралас құрмалас сөйлемнің арасына үтір мен сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Егер мұғалім болғымыз келсе, жалдайтын ауыл да табылды, менің жалданғым да келді, - оған Баймағамбет болмады.
A) Бірыңғай мүшеге.
B) Қарама-қарсылық мәні болғандықтан.
C) Күрделі сөз тіркестерінің арасына.
D) Қалған сөйлемге басыңқы сыңар ұйытқы болғандықтан.
E) Себеп мәнді мағыналы болғандықтан.
18. «Біріншіден, екіншіден» деген қыстырма сөздердің мағынасын анықтаңыз.
A) Көңіл-күй.
B) Өкіну.
C) Ой тәртібі.
D) Сендіру.
E) Мақұлдау.
19. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Абай операсы - қазақ музыкасын биік белге шығарған ірі туынды.
A) Бастауыш - сан есім, баяндауыш - етістік.
B) Қосарлы айқындауыш.
C) Бастауыш - есім, баяндауыш - есім.
D) Бастауыш сын есім, баяндауыш зат есім.
E) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есім.
20. Грамматикалық тұлғаларында өзгерісі бар диалект сөзді табыңыз.
A) Маңдай.
B) Аласа.
C) Көз.
D) Пысқан.
E) Қырағы.
21. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз.
A) Қырықаяқ.
B) Саңырауқұлақ.
C) Ақкенже.
D) Түрегел.
E) Ілімхан.
22. Еркін сөз тіркесін табыңыз.
A) Қоян жүрек.
B) Су жүрек.
C) Қалта сағат.
D) Жүгіріп бара жатыр.
E) Төбе шашы тік тұру.
23. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Ердостың атқа мінгісі келді.
B) Абай шығармаларынан үзінді келтірді.
C) Асанмен бес жыл бірге оқыдым.
D) Қызықты кітап.
E) Мөлдір бұлақ.
24. Төлеу сөзді көрсетіңіз.
A) – Айналайын, келінжан, өркенің өссін!
B) Той да өтті, Ыбыштың есін алған көкпар да өтті.
C) Артына қарап өкініш көрсе, алдына қарап үміт көреді.
D) Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ.
E) Сәбит Мұқанұлы бір кітапты бітіріп, екіншісін бастағанда, демалатынын айтты.
25. Соңғы жылдары шешендік сөздерді жинап, зерттеп, танытуға үлес қосқан ғалымды табыңыз.
A) Ә.Кекілбаев.
B) М.Жұмабаев.
C) А.Байтұрсынов.
D) Б.Адамбаев.
E) С.Сейфуллин.
1. A
2. E
3. C
4. E
5. D
6. B
7. D
8. C
9. B
10. E
11. C
12. A
13. B
14. C
15. D
16. D
17. E
18. C
19. E
20. D
21. D
22. C
23. C
24. E
25. D
Қозы.марқа.бағлан.саулық.еркек қой.ісек.қошқар.азбан. жасына қарай тоқты.құнан.дөнен.ағауыз.
Жұмбақ
Жерде жоқ, көкте жоқ, Бір әңгелектен әңгелек шығады.
Он екі бөлек,
Біреуі-ащы,
Біреуі-тұщы.
( он екі ай,қыс жəне жаз)
Бір ұяда жеті жұмыртқа.
(апта)
Жаңылтпаш
Төбесі төбел төрт бөрік,
Төртеуі де көк бөрік.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
Қазіргі уақытта негізгі энергия көздері ретінде көмір, мұнай және табиғи газ сияқты табиғи ресурстар қолданылады. Энергияның өсіп келе жатқан қажеттілігі табиғатта шектеулі мөлшерде табылған осы қорлардың резервтерін азайтуға алып келеді. Егер осы табиғи ресурстарды тұтыну сол мөлшерде жалғасатын болса, олар көп ұзамай қалады. Бұл шектеусіз, жаңартылатын энергия көздерінің құнының өсуіне әкеледі. Жаңартылатын энергия көздерінің тағы бір маңызды ерекшелігі - олардың тазалығы. Мұнай мен көмір тәрізді қазба отыны, зиянды газдардың пайда болуына алып келеді, қоршаған ортаның ластануына әкеледі. Қазіргі кездегі ластануды азайтуға болмайтын ауқымда, әлемнің болашағына қауіп төндіреді. Қазіргі жағдайды түзетудің ең тиімді тәсілі жаңартылатын энергия көздеріне көшу болуы мүмкін. Күн, жел және толқын сияқты шексіз энергия көздері қоршаған ортаға зиян келтірместен энергияны алуға мүмкіндік береді. Жаңартылатын энергия көздерінің бірі - жел қуаты.
Жел энергиясы әртүрлі мақсатта мыңдаған жыл бойы қолданылған. Дән тегістеу және желкенді кемелер тарихында қолданылатын жел күші электр энергиясын өндіру үшін де қолданылады. Теңіз жағалауында, теңізде, алқапта және қатты жел бар басқа жерлерде орналасқан жел турбиналары кинетикалық энергияны электр энергиясына айналдырады. Шикізат пен материалдарға жұмсалатын шығынсыз осы әдіс арзан және таза электр энергиясын қамтамасыз етеді.
Жел турбиналары аймақтық және жеке пайдалануға жарамды түрлі өлшемдерде жасалуы мүмкін. Электр қуатымен қамтамасыз ету қиын және қымбат тұратын жерлерде осындай турбиналарды пайдалану ыңғайлы. Бұл ыңғайлы әдіс әлемде де, біздің елімізде де кеңінен таралған. Жел энергиясын пайдалану - ең тиімді жолдардың бірі.