І. с. өшіргіштің , оқулықтың , мектептің , журналдың , сұрақтың , тақтаның
б. с. өшіргішке , оқулыққа , мектепке , журналға , сұраққа , тақтаға
т. с. өшіргішті , оқулықты , мектепті , журналды , сұрақты , тақтаны
ж. с. өшіргіште , оқулықта , мектепте , журналда , сұрақта , тақтада
ш. с. өшіргіштен , оқулықтан , мектептен , журналдан , сұрақтан , тақтадан
к. с. өшіргішпен , оқулықпен , мектеппен , журналмен , сұрақпен , тақтамен
Адеми , жас кала,байтерек,елорда,мухитбак,
1.он мың бес жүз жетпіс алты
2.бір миллион теңге
3.төрт мың екі жүз елу бес
4.он
5.мың сегі жүз жетпіс бірінші жыл
6.екеу
7.екі мың он бес
8.жеті миллиард сегіз жүз мың алты жүз отыз тоғыз
9.тоғыз мың төрт жүз қырық үш
10.жетпіс жеті
Бұлбұл туралы мәлімет
Бұлбұлдар — торғайтәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құстар. Қазақстанда екі түрі – кәдімгі, немесе шығыс, бұлбұлы және оңтүстік, не зортұмсықты, бұлбұл кездеседі. Оңтүстік бұлбұлы Сырдария, Шу, Іле, Қаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды, үлкен бау-бақшаларды, қалың бұталы өсімдіктерге бай саябақтарды мекендейді. Кәдімгі бұлбұл Жайық пен Ертіс өзендерінің бойында, Көкшетау өңіріндегі қыраттарда ұялайды. Дене тұрқы 160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17 – 26 г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады. Мамыр – маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны мекиені он үш – он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканың тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Әнші құстар ретінде эстетикалық маңызы да бар.