Құмарлық
<span>Құмарлық деген бір ит бар,
Жаныңа жау шын ит бар.
Алды-артыңа қаратпас,
Рахымы жоқ тым ит бар.
Бай баласын көп көрдім,
Кедейлікті жек көрдім.
Сауық көрсем, құмар боп,
Мен де сүйтсем деп көрдім.
Мылтық атты, құс салды,
Домбыра кезіп, гормонь қолға алды.
Ауыл кезіп, ән салды,
Көрген адам таң қалды.
Дойбы, қарта - бәрі бар,
Жүз құбылған әні бар.
Киім біткен қынаулы,
Таңырқарлық сәні бар.
Мен де осындай болам ба,
Бола алмасам оңам ба?
Бар малымды шашсам да,
Жетпей қойсам соған ба!
Арпалыстым, алыстым,
Жағаластым, жарыстым.
Дәл өзіндей болған соң,
Озамын деп қарыстым.
Жеттім, оздым - жер білді,
Маңайдағы ел білді.
«Бәрекелді, батыр», - деп,
Қыз-бозбала сол күлді.
Мақтағанға бу ала,
Селкілдедім дуана.
Баяны жоқ, пайдасыз
Бір сағымды қуала.
Әлі келем далақтап,
Қызыл тілім салақтап.
Менен озған кім бар деп,
Алдыңғы жаққа алақтап.
Қара көрсем, кетемін,
Жетуге талап етемін.
Пайдасында ісім жоқ,
Не де болса жетемін.
Заман өтті, жас өтті,
Қайрат, өнер бос кетті.
Абұйыр жоқ, сана жоқ,
Өз басыңа не жетті?
Естігенді ұға бер,
Ыдысың болса - тыға бер.
Пайдасыз болса құмарың,
Сілкініп тастап шыға бер.</span>
Сүйіспеншілік дегеніміз белгілі бір затөа немесе адамға деген келесі бір адамның ішкі сезімі ,яғни ішкі толғанысы, құштарлығы, махаббаты деген сияқты
<span>Астана қаласында 2001 жылы салынған мәдениет және сәулет туындысы. Бәйтерек Астана қаласының жаңа орталығының орта тұсында орналасқан. Қазақстан астанасының Ақмолаға көшкен жылына байланысты ғимараттың биіктігі 97 метр болып белгіленген. Әсемдеп жасалған темір конструкциялардың жоғары жағында жұмыртқа бейнесіндегі шар орналастырылған. Бұл аңыз бойынша самұрықтың жұмыртқасы іспетті. Жұмыртқа байлықты, дәулетті, тыныштықты білдіреді.Өйткені самұрық құс өз дұшпандарынан сақтанып, жұмыртқасын осындай биік ағаштың басына салады екен. Осы идея Бәйтеректің дүниеге келуіне себеп болған. Қазіргі кезде Бәйтерек Астана қонақтарының міндетті түрде баратын мәдени орнына айналды. Астананың рәміздік бейнесіне айналған Бәйтерек елордада өтетін әртүрлі шаралардың, жиындардың, шығарылатын кітаптардың таңбалық белгісіне айналып отыр. «Бәйтерек» атауымен еліміздің әр түкпіріндегі нысандары аталып жүр.</span><span>
</span>
Менің болашақ мамандығым
Кім боламын, әрине дәрігер боламын. Біздің отбасы -дәрігерлер отбасы. Атам, әжем, атамның атасы, әжесі, өз әкем мен анам бәрі дәрігерлер. Осыларды көріп отырып мен де басқа мамандықты ойламаймын, тек дәрігер боламын деп шештім. Дәрігер - адам жанының арашашысы, денсаулықтың сақшысы. Арманым жақсы дәрігер болу.
Любительские, еліктеушілік, қызығушылык деген ди билдиреди.