Бауырсақ - Қазақтың ұлттық тағамы. Бауырсақ – бидай ұнын ашытып, әртүрлі үлгіде жасап, майға пісіреді. Қазақтың той, мереке дастарханында міндетті түрде бауырсақ болуға тиісті. Ыстық бауырсаққа сары май жағып жесең, өте дәмді. Бауырсақ қырғыз, татар, башқұрт, ноғайларда да кездеседі.
Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда (ХҮІ – ХҮІІІғғ) ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. Беріде Қазақ хандығының ордасы болды. Қасиетті Түркістанды Екінші Мекке» деп атаған.
1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қасиетті Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Бұл кесене – сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йасауи атымен әлемге әйгілі болды.
Жекеше: көпше:
Мен жұмысшымын Біздер жұмысшылармыз
Сен жұмысшысың Сендер жұмысшыларсыңдар
Сіз жұмысшысыз Сіздер жұмысшыларсыздар
Ол жұмысшы Олар жұмысшылар
Мен інімін Біз інілерміз
Сен інісің Сендер інілерсіңдер
Сіз інісіз Сіздер інілерсіздер
Ол іні Олар інілер
Мен суретшімін Біз суретшілерміз
Сен суретшісің Сендер суретшілерсіңдер
Сіз суретшісіз Сіздер суретшілерсіздер
Ол суретші Олар суретшілер
Атау.с бәйтерек,аңыз,құс
ілік.с бәйтеректің,аңыздың,құстың
барыс.с байтерекке,аңызға,құсқа
табыс.с бәйтеректі,аңызды,құсты
жатыс.с бәйтеректе,аңызда,құста
шығыс.с бәйтеректен,аңыздан,құстан
көмектес.с бәйтерекпен,аңызбен,құспен
Тауешкі немесе безоар ешкісі, сақалды теке (лат. Capra aegagrus) — жұптұяқтылар отрядының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жабайы ешкінің бірі; тау текелері туысына жататын сүтқоректі.[2]
Дене ұзындығы 150 см. шоқтығының биіктігі 80-95 см. Мүйіздері қылыш тәрізді екі жағынан сығылған еркектерінде ұзындығы 130 см. Шығыс, Орта және Оңтүстік Азияда кездеседі. ТМД - Кавказда -Оңтүстік Түркменияда. Көтерілуге қиын таулы жерлерді мекендейді. Үй ешкілерінің арғы тегі. 2 түр тармағы КСРО Қызыл кітабына енгізілді. Етін — жеу, терісін — киім-кешек жасау үшін аулайды