Табигат пен адам бир бирне тыгыз байланысты. Адамзаттын арбир кателиги табигатка зиян келтируи мумкин, кейде табигаттында тылсым куштери адам омирине кауипти болуы мумкин. Адам табигаттан бар керегин ала алады, оны тек табигатты коргай билсек. Егер ормандагы агаштарды кнсип немесе отртеп, кез келген жерге кокыс лактырса табигатта бизге бар керегин бере алмайды.
Зат есім:1) Мен кітапты оқуды жақсы көремін,2)Оқушылар мектепке келді,3) Мен анамды жақсы көремін,4) Мен болашақта мұғалім болғым келеді, 5) Кун қасиетті нұрын аямай төгіп тұр. Сын есім:1) Бүгін ауа райы тамаша болып тұр,2) Менің анам өте сұлу,3) Біздің қала өте көрікті де әсем, 4) Досым кеше маған қызыл гүл сыйлады,5) Менің үлкен аоманым бар. Етістік: 1) Мен мектепке бардым,2)Мен мектептен шықтым да, үйге қарай бет алдым,3)Ол сабақты жақсы оқиды,4)Мен анамның үмітін ақтадым,5)Бүгін сынып оқушылары жиналып, мектеп алаңында футбол ойнады.
Адамды табиғатсыз елестету мүмкін емес. Табиғат адам көмегіне өте мұқтаж. Табиғатты қорғай отыра біз өзімізді қорғаймыз. Ойлап қарасақ біз оның бір юөлшегі емеспіз бе? Ағаш отырғызып , гүлдерді қорғаңдар! Олардың жапырағы көмірқышқыл газын жұтып, бізге таза ауа береді. Әрдайым сенбілікке қатысыңдар! Ерінбей, аянбай соңына дейін еңбектеніңдер. Қаланы ластамаңдар. Табиғатты қорғау — біздің міндетіміз.
«Үлкенге — құрмет,кішіге –ізет,»-деген нақылды ата-бабамыз бағзы заманда айтып кеткен.Дегенмен,сондағы «құрмет» дәл бүгінгі таңда өзіндік сипатын,мән-мағынасын,өз қадірін жоғалтып бара жатқан сыңайлы.Олай дейтін себебім де жоқ емес.
Әңгіме,кешегі сабақтан менің алған әсерім жайында болмақ:
Сабақ кезі болатын.Студенттер жарыса сабақ айтып,сабақ айтып болғандары өз бетінше отырған сәт.Кенет,аудиторияға өзіміздің факультетімізге еңбегі сіңген ұстаз,сабақ өтіп жатқан мұғалімнің рұқсатын алып:
«Жігіттер,маған сабақ айтып болғандарың көмек беріп жіберіңдерші,»-деп өз келген себебін түсіндірді.Сабақ айтып болған,бойында ар-ұяты бар жігіттер орнынан тұрып,ағай жаққа беттеді.Бірақ,олардың саны аз болуына байланысты, ағай шетте өз алдында отырған студентке:
«Сенде көмек беріп жіберші,»-деп сұранып еді,әлгі жігіт көңілі түсіп,шеке-басы тырысып,отырған орнынан әрең тұрды да,ағай бастаған топпен бірге сыртқа шығып кетті.
Аудиторияда қалғандар ары қарай сабақтарын жалғастырды.Бір кезде әлгі тырысып кеткен студентіміз жұлқынып қайтып келді.Оның артынша,ағай да кірді.Жігіт ағайды көре сала:
!Менің өз құқығым бар,мен мұнда сабақ оқуға келгенмін.Мен қар күремеймін,»-деп бүкіл аудиторияға жар салды.Жігіт сөзін аяқтап жатқан сәтте,аудиториядан сабағын айтып болған жігіт: «Ағай,оның орнына мен барамын»-деп ағайдың соңынан ерді.Аудитория аң-таң.Барлығының өз ішінде талқылап жатқан тақырыбы қазіргі оқиға.Әркім өз ойын айтып,оқиғаға өз бағаларын беріп жатқандар да бар.
Арада 3-5 минут уақыт өте сыртқа кеткен студенттер аудиторияға оралды.Олардың артынан ағай да кірді.Ағай бұрышта отырған әлгі жігітке қарап:
-«Елімізде,дәл сендей жігіттердің барына ұяламын.Кезінде сен секілді студенттер Желтоқсан оқиғасына қатысып,осы елді,университетті сақтап қалу жолында жандарын пида еткен.Ал сен болсаң,өзің оқып жүрген факультетіңнің алдындағы екі күрек қарды күреуге ерінесің.Ол жақсылық емес,»-деп,өз ренішін білдіріп,студенттерді босатқан мұғалімге алғысын айтып,кете барды.
Осы оқиға маған әсер еткені соншалық,мен группаласым ,сен үшін ұялып отырмын!Сонда,біздің жастарымыздың қазіргі кезде үлкенді құрметтеуден қалып,адамгершілікті ұмытып,өз құқығын дәріптеуіне кім кінәлі?Сенің де ағай секілді ата-анаң бар емес пе?!Ертең дәл осы жағдайды сенің әкеңе біреу жасайтын болса,сен әкеңді қалай қорғайсың?Әлде: «Ол адамның өз құқы,сідікі дұрыс емес,Әке,»-деп әкеңе кінә қоясың ба?Достым,жақсылап ойлан,әлі де кеш емес. «Атаңа не қылсаң,алдыңа сол келеді».Жастайыңнан болашағыңа балта шаппа!Ойлан!Ақылға кел!Үлкенді құрметте.
Пословицы на казахском языке (Мақал-мәтелдер) о животном мире
Қойдың сүті — қорғасын.
Қойшы көп болса,
Қой арам өледі.
Екі қошқардың басы
Бір қазанға сыймас.
Ісек қойдың басы үлкен,
Саулық қойдың жасы үлкен.
Ала қойды бөле қырыққан
Жүнге жарымайды.
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
Ақсақ қой жатып семірер.
Семіздікті қой көтерер.
Семіздің аяғы сегіз.
Арық қой — тырысқақ,
Ашадам — ұрысқақ.
Жаман жасаққа жарамайды,
Желінсау қосаққа жарамайды.
Қарақұрт жесе
Қой семіреді.
Жаман қой ісегінде қартаяды.
Еркек қой бұралқы болмас.