Күшейтпелі шырай Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен не өте артық, не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады. Мысалы: үлкен — үп-үлкен,— тым үлкен, тамаша — тап-тамаша — өте тамаша, жақсы —жап-жақсы, аса жақсы, кіші — кіп-кіші — тым кіші т. б.
Күшейтпелі шырай екі түрлі жолмен жасалады. 1. Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: биік — біп-биік, ұзын — ұп-ұзын, жақын — жап-жақын, суық — сұп-суық т. б. Күшейткіш буындар (сын есімнің алғашқы буыны п дыбысына бітіп: биік — бі-йік — біп; жап-жақсы) негізгі сын есімдермен дефис (-) аркылы жазылады. Тек ақ, көк сөздерді күшейткіш буын үстелгенде аппақ (ап-ақ емес), көкпеңбек (көп-көк емес) болып бірігіп жазылады. 2. Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, орасан, ыңгай, кілең, сияқты күшейткіш үстеулердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: өте күшті, тым биік, ең жақсы, аса терең, нағыз жүйрік, шымқай қызыл, орасан зор т. б. Бұл сияқты күшейткіш үстеулер сын есімдердің алдында келеді де, бөлек жазылады.
Қазақстан ---үлкен мемлекет.Оның астанасы --Астана қаласы.Қазақстанда көптеген ұлт өкілі тату -тәтті өмір сүріп жатыр.Қазақстанның жері кең -байтақ, және өте бай.Табиғаты әте әдемі.Қазақстан егеменді еркін ел.
Біздің үйімізде кішкене мысығымыз бар. Бәріміз оны жақсы көреміз, өзі сондай сүйкімді, ойнағанды жақсы көреді. Енді бір күні мысығымыз не істеді десеңізші? Анам жұмысқа кетерде кешкі тамақ әзірлеуге мұздатқыштан балық шығарып кетпей пе, кешке дейін жібіп тұрсын деп. Сөйтіп, мен сабақтан ерте келіп кешкі ас дайындамақ болсам, әлгі сүйкімді мысығымыз жібіп тұрған балықты жеп қойыпты. Не күлерімді, не жыларымды білмей, ақырында басқа тамақ әзірлеуге тура келді. Бұл оқиға біразға дейін есімізде қалатын болды. Содан бері мысығымыздың екінші аты "сотқар мысық" болды.