Бәйге - ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, Бәйге өзбектерде “пайга”, қырғыздарда “чабыш” деп аталады. Кейбір деректер бойынша, 15 ғ-дың 70-жылдарында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрғанда, Шу өзенінің жағасында, Тұлпарсаз деген жерде бәйге ұйымдастырған. Осы кезден бастап Бәйге қазақ халқының алқалы жиындарының (тойлардың, астардың, т.б.) ажырамас құрамдас бөлігіне айналған (қ. Сауын айту).
Бұрын бәйгеге қосылған аттар түстік, күндік жерге, ұзақ қашықтықтарға шабатын (қ. Аламан бәйге). 1957 жылы Қазақстанда қабылданған ереже бойынша құнан бәйге 1200, 1500, 1600, 1800, 2000 м, дөнен бәйге 2400, 3000, 3200, 4000, 4800 м, ат бәйгесі 5000, 8000, 10000 м қашықтықтарда өткізіледі. Көбінесе, қашықтық төрешілер алқасының шешімі бойынша бәйгеалаң (ипподром) айналымының ұзындығына байланысты белгіленеді. Бәйгеге мал дәрігерінің қарауынан өткен аттар жіберіледі. Жарысқа қатысушылардың кеудесіне және арқасына нөмірлер тағылады; шабандоз жеңіл, ыңғайлы, белгісі бар ұлттық киім киеді. Аттың ер-тұрманында, шабандоздың киімінде адам жарақаттанатындай заттар болмауы тиіс. Бәйгеге қатысушы атын оздыру үшін өзі білетін, ережеде рұқсат етілген тәсілдердің бәрін қолдануына болады. Ал қатарласып келе жатқан атқа қамшысын тигізуге немесе қамшысын үйіріп басқа аттарды жасқауға, айқайлауға, ысқыруға, жарыс жолынан шығып кетуге, оның айналмаларынан төтелеп өтуге болмайды. 1-ші орын мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға, қалған орын аттардың келу ретіне қарай беріледі. Қазақ халқы Бәйге аттарын ерекше күтімге алған. Құлагер, Ақбақай, Маңмаңгер сияқты сәйгүліктерді ән-жырға қосқан. Топтан озған тұлпарлар туралы халқымыздың ауыз әдебиетінде, эпостық жырларында, мақал-мәтелдерінде көп айтылады.[1]
Қабанбай Қожағұлұлы,Қаракерей Қабанбай,Дарабоз-батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найманішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Жастайынан жаугершілік пен шапқыншылықтың зардабын көріп өскен Ерасыл бүкіл еліне, жұртына төнген зұлматтың қандай екенін, бойына сіңіріп, сезініп өскен қазақ ұлдарының бірі.
Сөздердің тура мағынасы - сөздің таза лексикалық ұғымының сөзде бейнеленді. Айтушы мен тыңдаушыға ортақ ұғымды білдіреді. М:ашық терезе, терең көл.
Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. М:ашық мінез, терең ой.
Фразеологизм-тұрақты тіркестер. М:ит өлген жер-алыс, көз шырымын алу-ұйықтау.
Диалогті толықтырып,өзара сөйлесуге жаттығындар - Сен қандай үйде тұрасын? (жеке меншік, көп қабатты),,,,,,,,,,,,,,,,,,,,, - Қай
olesia 56
1- мен көп қабатты уйде турамын. 2- 36номерлі пәтерде турамын. 3- уйімде 5 бөлме бар. 4-бөлмемде заттар коп. 5- бөлмемді өзім жинаймын