Вам заняться нечем наберите в ноутбуке
:-D:-D:-D:-D:-D:-D:-D↑↓↑↓↑←→☆☆☆☆☆▼★▼★☆▶↓▶←;-)↓←○←←◀■■■■■■■□□■□■□■□□□■■■◆◆♧♣♣♧°◇○□◆•◆■●♧°♧◇○♧•♧◇●○
4. Соз: окып. 5. Билимсыз адамный омири болмайды, билимсиз оку болмайды. Казак шрифт жокка кешир.
Менің өмірім
Мен еш нәрсеге таң қалмаймын, себебі өмірімді түске ұқсатамын. Ал түсте нелер болмайды?!.. Кей кездері өмірімде дәл түсімдегідей ғажайып оқиғалар болып тұрады. Сондай ғажайып сәттер… тіпті өзім сенбей қаламын!
Мен үшін өте қымбат адамдар жанымда аз ғана уақыт болып, түсімдегідей қас-қағым сәтте ғайып болады. Олардың кейбірі «Өмір-түсімде» қайта кездесуі мүмкін. Ал кейбірін мәңгілік көрмеймін.Оларды сағына еске алудан басқа амалым қалмайды. Ал кейбірі түнде шошытып оятқан түстерімдей көңіліме қорқыныш ұялатады.
Кейбір қуанышты сәттерде «Өмір-түсімнің» ұзаққа созылуын қалаймын. Ал көңілсіз сәттерде тез аяқталғанын тілеймін. Болып жатқан әр оқиға: мейлі қуаныш, мейлі қайғы-мұң түсімдей өткінші екенін білемін.Сол үшін қуанамын, сол үшін өкінемін.
<span>Өмірім- түс сияқты… Қашан басталатынын білсем де, қашан, қалай, қайда аяқталатынын және алдымда не күтіп тұрғанын білмеймін. Өмірім сонысымен қуанышты, сонысымен мұңды. Бұл «ӨМІР-ТҮСІМНІҢ» ұзақ немесе қысқа болуы мен үшін маңызды емес! Ең бастысы- қуаныш пен қайғымды бөлісе білген АДАМ- КЕЙІПКЕРЛЕРІМЕ айтар алғысым шексіз, солар аман болсын! Әр адам өз өмірінің басты кейіпкері. Менің де «түс- өмірімдегі» әр кейіпкер бақытты болуға лайықты! Ал сіздің өміріңіз неге ұқсайды?</span>