Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді: Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан. Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс
Толығырақ: http://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/22506/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Ерте туру. ештенені ертенге калдырмау. əр затқа өз уақытын бөлу.
Аш кісі ұрысқақ,
Арық қой тырысқақ.
Аман болса бұл басым,
Тағы шығар бұл шашым.
Ақсақтың ақырына бақ.
Басы ауырып, балтыры сыздамағанның
Тәңірімен ісі жоқ.
Қотыр қолда, қола сақина.
Тазалық-саулық негізі,
Саулық-байлық негізі.
Басы аманның малы түгел.
Демі бардың-емі бар.
Екі ауру бір келсе,
Ажалыңның жеткені.
Жалқаулық-жаман ауру.
Жұғын бар жерде-шыбын бар,
Шыбын бар жерде шығын бар.
Жан ауырса-тән азады,
Қайғы басса-жан азады.
Айдалаға атқан оқ,
Ажалдыға тиеді.
Өлім бар жерде-қаза бар.
Арық семіреді,
Ауру жазылады.