Ақ көйлек;
жылы су;
суық жер
әдемі қыз
жақсы адам
аязды боран
қарлы орман;
Көктем. Мал төлдеп жатқан кез.Далада қар еріді.Күн жылынды. Даланың ең бір қызықты шағы бұл. Кейде жылы жел соғады.Алыстағы көлден талып естілетін құс шуы тынық ауада бейне бір сырнай дауысындай сызылады.Төбеде боз торғай шырылдап,маңайдың бәрін әнменен тербелетіп тұрғандай.Көктем келгенде ең бірінші өсетін ол бәйшешек.Ағаштардан бүршіктер жарды.Табиғат сондай әдемі керемет!Мұндай кезде көңіл көтеріңкі.
Шернияз Жарылғасұлы (1817-1881) – халық ақыны, Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне (1836-1837) қатысушы және оның жалынды жыршыларының бірі. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісінің бел ортасында жүрген Шернияз бұл қозғалыстың ұраншысы әрі ақыны болды. Көтерілісшілер жеңіліске ұшыраған соң, Шернияз қуғындалды және оған қатаң бақылау қойылды. Осыдан кейін ол Баймағамбет сұлтанның қол астынан пана тауып, қалған ғұмырын осында өткізді. Ақын азаттық, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлады, сол арқылы Исатайдың батырлық бейнесін жасады: «Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас», «Ақ алмас, алтын сапты қылышым-ай», «Исатай ел еркесі, ел серкесі», т.б. жырларын шығарды. Шернияздың «Ай, Қазы би, Қазы би», «Тостағанды қолға алып», «Ай жігіттер», «Сөз сөйлеймін бөлмелеп», «Көл қылып құдайым талай судай ағын», т.б. өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігі, өмірдің өзгермелілігі мен оның мән-мағынасы үлкен ой елегінен өткізіле жырланады. «Шернияздың Баймағамбет сұлтанға айтқаны» көркемдігі аса жоғары туынды болып саналады. Жалпы Шернияз поэзиясы мазмұндық сипатымен, стильдік айқындығымен, көркемдік бейнелеу нақыштарының шеберлігімен ерекшеленеді.
Прига коом через норете казак леле на корете