Төле би XVIII ғасырдағы ұлы тұлғаның бірі – Үйсін Төле би. Ол Әз Тәукенің тұсында «Жеті жарғы» атты заң жобасын жасаған қоғам қайраткері, ел ағасы. Төле Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан Жарылқамыс, Жарылқамыстан Жанту би, одан Жайылмыс би, одан Құдайберді би («Тоғыз ұлды Құдайберді» деп те аталады). Сол тоғыз ұлдың бірі Әлібектен Төле би туады. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Арабша, парсыша тарихи кітаптарды, аңыз, хисса-хикаяларды көп оқиды. Бір жағынан қазақтың аңыз-әңгіме, өлең-жырларын, шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдап, әсіресе өзінің бабалары Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді, тапқыр, өнегелі нақыл, шешен сөздерін ойында сақтап өседі. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмар шешен би болған кісі. Төле бала әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл, парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.- Балам, мынаны сындырып көрші?Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? – Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет баба:- Бұдан не түсіндің, балам? – дейді.Сонда Төле бала:- Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.<span>- Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы,- депті. Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйкенұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәукенің басты кеңесшісі болды. Төле бидің басшылық, шешендік дарыны Қазақ хандығы жойқын қолмен шабуылға шығып, қазақ халқын қырғаны, қалғанын «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшыратқан кезде айқын көрінді. Ол сол кездегі қазақтың белгілі батырлары – Қабанбай, Бөгенбай, Ханкелді, Өтеген, Жәнібек батырлармен бірыңғай халық майданын құрып, азаттық күресін басқарады. Қазақ жерін басқыншылардан азат етуге басшылық етеді. Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар мен ертегі-әңгімелер сақталған. Оның атымен байланысты толып жатқан нақыл, мәтел сөздер, билік-келісімдер халық арасында кең тараған. Төле би өзі билік еткен Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле бидің басшылығымен (XVIII ғасырда салынған) ескі Ташкент қаласындағы Төле би (Қарлығаш) мавзолейі осы күнге дейін сақталған. Төле бидің есімі тек Ұлы жүзге ғана емес, сондай-ақ Орта жүз бен Кіші жүздегі ірі-ірі тарихи оқиғалармен де тығыз байланысты. Сол үшін де Орта жүз бен Кіші жүз қазақтары арасында да ол жөнінде аңыз-әңгіме, өлең-жырлар көп сақталған. Демек, ол тек Ұлы жүздің ғана ру басы, төбе биі болып қоймай, бүкіл қазақ елінің саяси, мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген адам. Төле би Әлібекұлы туралы тарихи құжаттар осындай аз ғана дерек қалдырса, қазақ ауыз әдебиетінде ол жөнінде ертегі, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер өте мол. Олардың көпшілігінде Төле ақылды, әділ, шешен әрі халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында Төле би өз заманының ақылды, білімді, парасатты адамы болған. Аңыздардың айтуынша Төле орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған. Әулие-Ата маңында туғанымен көбінесе Ташкент төңірегінде, Жиделі-Байсын жерінде, Сыр өзені бойында көшіп-қонып жүрген. Көп тұрған жері – Шыназ (ескі Ташкент), сол жерде қайтыс болған. Сүйегі Ташкенттегі Шайхан-тәуірде, мешіт түбінде жерленген. Төле би Әлібекұлы – Ұлы жүзді басқарған, қазақ хандығын мемлекеттік деңгейде нығайтысып, заңын жасасқан белгілі қоғам қайраткері, 1723-1730 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық күресін бастаушылардың бірі. Қазақ елінің бауырлас, көршілес елдермен татулығын жақтаған, елімізде халықтар достығын қалыптастыруға өзіндік үлес қосқан көреген мәмлегер. Сондай-ақ, ол артына аталы сөз, үлгілі өнеге-өсиет қалдырған, өзінің даналық, тапқырлық әділ биліктерімен, шебер, көркем сөздерімен халық әдебиетін дамытқан, байытқан дарынды шешен, кемеңгер ойшыл.</span>
-Анашым ана куыршакты алып берши - кызым саган унап турма? - ия ьул куыршак сондай адеми. Анасы куыршакты сатып алып береди. Уйге келгесин ол куыршагымен кунде ойнайды. -Салем менин куыршагым. Мен енди бугиннен бастап саган карайтын боламын...
1. Əдептілік туралы. Əдептілікті сақтау керектігі жайлы. 2. Əрине, ізеттілік-əдептілік айнасы. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетемін. 3. Адамдар сол сөздер арқылы тату, бауырмал болады. Араларында сыйластық болады.
Ұлт ұстазына айналған, өмірбойы ұйқыдағы халқын «Маса» боп ызыңдап оятуды көздеген, «қазаққа қазақты сүюді үйреткен» Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін еткен қызметі шаш етектен. Ол – ақын, ол – қоғам қайраткері, ол – қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, лингвист, ағартушы-ғалым... Ол – Алаш көшбасшыларының бірі. Ол қазақ үшін бес рет түрмеге түсіп: «Асықпаңдар! Артымызда қазы бар...» деп, соңында атылып кете барған асыл боздақ. Оның өмір жолын, жасаған қызметін білу, бағалау – біздер үшін парыз.
Адамдық диқаншысы - Ахаң Ақын Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелдин ауданына қарасты Сарытүбек елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еті тірі, намысты қолдан бермейтін, адал азамат болған екен. Руластарына қысым көрсеткен Торғай уезінің бастығы, полковник Яковлевті соққыға жығып, 15 жылға Сібірге айдалыпты. Әкеден тірідей айрылу бала Ахметтің жан дүниесіне қатты әсер етіп: Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп, Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам. Алданып жегеніме оны ұмытсам, Болғандай жегенімнің бәрі харам, – деген алғашқы өлеңін шығарады. Патша әкімшілігінің әкесі мен туысқандарына көрсеткен қорлығы жанына жазылмастай жара салған ол өз өмірбаянында: «Осы бақытсыздық менің Торғай қаласындағы мектепке түсуіме себеп болды», - деп жазды. Кішкентайынан зерек, талапты Ахмет алғашында 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, кейін жақын маңдағы ауыл мектебін бітіреді. Сосын Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде білім алып, оны бітірген соң Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын мектепке оқуға түседі. Оны тәмамдағаннан кейін өзінің бүкіл саналы ғұмырында алдына мақсат етіп қойған қазақ балаларының сауатын ашу жұмысына бар күш-жігерін арнайды. «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», – дейді Ахаң. Істі ағартушылықтан бастау – халқын құлдықтан азаттыққа алып шығатын жол екенін жақсы түсінген ол бастапқыда Ахметкерей Қонысбаев деген байдың үйінен мектеп ашып, кейіннен Аманқарағай ауылнай мектебінде бір жылға жуық бала оқытады. Көп ұзамай Қостанай қаласындағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне ауысады. Міне, осылай Ахаңның бұралаңы көп ұстаздық жұмысы басталады. Осыған байланысты Сәкен Сейфуллин: «А. Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қулықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын қорғап, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губернатор, соттарға күшін сатып, тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызметтерін қылды», – деп жазса, ақынның өзі ол туралы: Адамдық диқаншысы – жолға шықтым, Көгі жоқ, көгалы жоқ қырға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың, – деп жырлайды. Алдына үлкен мақсаттар қойып, соған жетер жолда аянбай қызмет еткен қарапайым мұғалім Ахаңды кейін бүкіл ұлттың ұстазына айналады деген ой сол сәтте ешкімге де келмеген болар...