Ответ:егінші аудармашы тәрбиеші құрылысшы кәсіпкер сатушы дәрігер талапкер хатшы ғарышкер
Объяснение:
Менің бір күнім.
Мен өзімнің жаздыгүнгі бір күнімді баяндап берейін.Мен өзім жан-жақты адаммын.Көп үйірмелерге барамын.Сондықтан күнімді алдын ала жоспарлауды тырысамын.Себебі,жоспар арқылы күні бойы қойылған тізбектерді үлгеремін.
Таңертең мен сағат тоғызда тұрамын.Жуынып,тамақ ішемін. Жаз болса да,күнімді босқа өткізбеймін.Кітап оқимын,далаға шығамын,саябақтарға барамын. Тоғыздан-онға дейін мен кітап оқимын.Ал сосын далаға шығамын.Сағат бірде үйге келіп,түскі асымды ішемін.Ал сағат екіде мен сурет үйірмесіне барамын.Сағат бесте келіп,үйді жинаймын.Ал жетіде кешкі асымды ішемін.Сосын мен бірнеше уақыт демаламын.Ал сағат онда,мен ұйқыға даярланымын.Осылай менің күнім өтті.
Атырау – Еуропа мен Азия құрлықтарының шекарасындағы әсем қала. 1991
жылға дейін қала Гурьев деп аталды. Кейін Атырауға ауыстырылып, теңіз
жағасындағы қала Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналды. Атырау
қаласы Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейдің Астрахань облысымен
шектеседі.
Атырау қаласында танымал Жайық өзені ағып өтеді. Жайық қаланы Ероупа
және Азия аймақтарына бөледі. Әу бастан, қала Жайық өзенінің жағасында
салынды, кейін 30 шақырымға шегінді.
Атырау қаласы салынғаннан кейін балық шаруашылығы мен мұнай өндіру
саласы қарқынды дами бастады. Уақыт өте келе бұл салалар қаланың ғана
емес, күллі елдің ірі салаларына айналды. Атырау қаласында республика
бойынша тұңғыш рет мұнай тазарту, мұнай өндіруге қажетті құрал-саймандар
шығару, балық консервілеу сияқты зауыттар тұрғызылып, іске қосылды.
2009 жылы өткізілген халық санағы нәтижесінде Атырау қаласының
тұрғындарының саны 163 мыңға жеткен. Қалада жеті мешіт, бір православ
мен үш протестант шіркеулері тұрғызылған.
Атырау климаты шұғыл континентальды. Жаз мезгілі өте ыстық, ауа-райы
температурасы +40, +42°C-қа көтерілуі мүкін. Ал қыс мезгілі ызғарлы әрі
суық болады. Ауа-райының орташа температурасы - -20, -25°C. Қатты жел
мен шаңды дауылдар жиі болады.
Қалада қоғамдық көліктер жиі қозғалады. Әуежай, авто және темір жол
вокзалдары тәулік бойы жұмыс істейді. Атырау әуежайы қаладан бес шақырым
жерде орналасқан.
Атырау қаласы мәдени-танымдық және білім ордаларынан кенде емес.
Мұнайшылар қаласына келген жандар қаланың мәдениет ошақтарын аралай
алады. Облыстық тарихи-өлкетану мен Өнер мұражайлары, Драма театры,
Мұнай айыру зауытының мәдениет үйі, филармония жұмыс істейді. Сондай-ақ,
музыка, спорт мектептері, Атырау мұнай және газ институты, Халел
Досмухамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті, Атырау
политехникалық колледжі т.с.с. білім ордалары жас мамандарды оқытады.
Қала көшелері кең әрі олардың атаулары ерекше. Атырау көшелерінің
атаулары Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Шоқан Уәлиханов, Степан, Разин,
Емельян Пугачев сынды тарихи тұлғалардың құрметіне қойылған.
Атырау қаласының заманауи сәулетінің Қазақстанның өзге қалаларынан еш
айырмашылығы жоқ. Қаланың басты көрікті мекені - XIX ғасырда салынған
Православ шіркеуі. Бұл шіркеу Атырау қаласында тұрғызылған алғашқы
ғимарат. Жайық өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер көпірі қаланың
мақтанышына айналған. Бұл көпір Әлемдік Рекордтар кітабына енген.