Доспамбет жырау (1490–1523) — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 жылы Астрахан маңында қаза тапты. Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды. «Айнала бұлақ басы таң», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Азау, азау дегенің», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» т. б шығармалары бар. Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді. Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен, өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Жыраудың шығармалары біздің заманымызға толық жетпеген. Оның жырларының көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Сондықтан ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен. Осы азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе 1893 жылы М. Османовтың «Ноғай уа құмық шығырлары» атты жинағына енген. Кейін 1896 жылы
В. Радловтың «Халық әдебиетінің үлгілері» деген жинағына басылды. Оның жырлары «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды», т. б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді.
-мен казакстанда туылдым -казакстан кайда орналаскан? -менің елiм орталық азияда орналаскан.Казакстаннын терреториясанда 16 млн. тургын омир сурiп жатыр. -Дала калай коринедi?
- Сен тамақты күніне неше рет ішесің?- Мен тамақты күніне төрт рет ішемін.- Бүгін таңертең сен не іштің, ане жедің?- Мен айран ішіп, май мен нан жедім.- Сенің сүйікті тамағың не?- Менің сүйікті тамағым қуырдақ- Қазақтың дастарқанының басты тағамы не?- Қазақтың дастарқанының басты тағамы ет.- Қазақтың қандай ұлттық сусындарын білесің?- Қазақтың ұлттық сусындары айран, қымыз,шұбат<span> </span>
Әжесімен немересінің диалогы - Әже! Маған сабақтан Дастарқан туралы не білесіңдер деген тақырыпты берді,Соған маған көмектесіңізші! -Балам дастарқаннан үлкен еш нәрсе жоқ,дастарқанда отырған адамдарды құрметтейді,Дастарқаннан дәм ауыз тимей кетуге болмайды, -Әже қазақтың ұлттық тағамдарға не жатады? _Балам
қазақтың ең сүйікті тамағы ол ет,еттен бешбармақ,қуырдақ дайындаймыз,ал
сүттен -ол құрт,ірімшік,май.нан -өнімдерден сенің сүйкті бауырсағың -Әжетай көп-көп рахмет!
Ағалы-інілі, апалы-сіңлілі балалар сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Бір атадан тараған туыстар бірін-бірі жақсы таниды. Ағайын қуанышты, реніш пен қайғыны бірге бөліседі. Отбасының ұйтқысы, берекесі, шапағат көзі-әйел, ана. Қазақтар" Төріңнен қарт кетпесін",-деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету-біздің ата дәстүріміз. Әрине, баланың адал да, ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс.