Жеті алтын алып жеті асқар биікке жеттік ағайын! Қазақтың ұғымында жеті саны қандай қасиетті болса, жеті алтынның да алар орны айрықша! Лондон Олимпиадасы қазаққа оңынан болды. Ондықтың күлтебесінен көрінбесекте, жиырмалықтың жоғарғы сапына іліктік. 12-ші орын. Бұлай болар деп кім ойлапты.Олимпиада шымылдығы түрілмей түріп, «қазақ жеті алтын алады» деген айдаладағы америкалық басылымның аузына Алла салған шығар... Ойымыздағыны айтсақ, дәл осы алтынға келгенде Алаштың баласы несібесіз қала деп қауіптенгенбіз. Қауіптің қара бұлты сейілді. Ұлан-ғайыр атыраптағы алаң жұрттың атойлатып, той тойлатқан себебі сәйгүлік ұлы - Серік Сәпиевтің жеңісі. Бұл жеңіс - қазақ деген ер кеуде, еркін елдің толайым табысы!<span> Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы, Азия ойындарының қос дүркін жеңімпазы, Қазақстандық ауыр атлетші Илья Ильин,</span>
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана.
Алматы қаласының көшелерінде парад болды.
Менің досымның әкесінің аты - Асқар.
Талғаттың досының денсаулығы керемет.
Аиданың кітабы үстелде жатыр.
Жарға шығып ойнайды,ойынға бір тоймайды
Болса дағы сақалы секеңдеуді қоймайды.
/ешкі/
Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газетінде (1915) жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.
Бейімбет Майлы дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.
Бейімбет он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол ірілі ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.
Бейімбет Майлиннің шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы