Не знаю правильно или нет)
Халқын сүйген — салтын сүйерЕл, Отан, салт-дәстүр бір-бірімен тығыз байланысты. Салт-дәстүр — ата-бабамыздан мирас боп қалған асыл мұра.Дүниеге пенде боп келген соң, өз еліңде өз тіліңді, өз дініңді, өз дәстүріңді біліп өсесің. Бірлігі мен бейбітшілігі жарасқан халықтың салт-дәстүрі де көпшіл болмақ. Қазақтың ақжарқын, адал, қоғамшыл халық екені салт-дәстүрлерімізден де байқалады. Сол салт-дәстүрлерімізді сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу — біздің борышымыз.Шынар МЫРЗАКЕНОВА,№2 мектеп-гимназияның 5-сынып оқушысы.<span>Шалқар қаласы.
</span>
Қазақша күрес дегеніміз-ол Қазақстанның спорттық ойыны. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі.Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған.
Қандай да болмасын коғам тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады. Сондықтан да тәртіп орнауға тиіс. Ал тәртіптің бастауы — әдеп. Өйткені әдебі жоқ қоғамда тәртіптің орнауы екі талай. Ал, тәртібі жоқ қоғамның ыдырамауы да мүмкін емес. Сол себепті де "Адам әдепті болуға тиіс" деген сөз тәртіпті болуы керек дегенді де ұқгырады. Өйткені тәртіп — әдептің бір түрі. Қоғамдағы ең бағалы адам — әдепті адам. Әдепті адамдар - коғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, түрмысы да бақуатты болады. Бір адамның қандай да бір әдепсіздік ісі міндетті түрде айналасына күйедей жүғып, қоғамға зор зиянын келтіреді. Халыктың: "Бір қарын майды бір күмалақ шірітеді",- дейтіні сондықтан болса керек. Әдеп белгілі бір коғамның рухани кажеттігі негізінде пайда болып, өзіндік белгілері, сипаттары арқылы сол қоғамды құрайтын адамдарды біріктірудің куатты құралы қызметін атқарады. Демек, әдеп - қоғамдағы келісімді іс-қимылды ажарландыратын тетік, адамдар арасын адамгершілік негізде байланыстыратын қоғамдық. құрал. Сондыктан да адамның әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-қатынасынан көрінеді. Халық: "Жақсы-жақсы дерсің, ісің түссе білерсің",— деп бекерге айтпаған ғой. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ.
Бір күні ай мен күн кім әдемі деп дауласады.
Күн менең әдемі еш кім жоқ мен бәрінең де әдемімін.Сонда Ай жоқ,мен әдемімін мен кеш батқанда аспанды жарқыратып тұрамын.Күн ызаланғаннаң соң айдың бетін тынайды Сол себепті айдың беті тырналған