Кең көлемдегі географиялық жиынтық атау. Бұған Қазақ жері мен Орта Азия және Сібірдегі тау жоталары жатады. Бұлар – Іле Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатау, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы дегендей тау жоталары. Бұлар биік, шыңды-құзды, жоғарғы жағы қалың мұздықтар мен қарлы шыңдар болып келеді. Көпжылдық қарлардан таулар үнемі алақанаттанып жатады. Соған байланысты, яғни тау көрінісіне қарай – Алатау аталған. Біздің Алатау, негізінен, Алматы облысының, яғни Жетісудың жерінде. Табиғаты әсем, жаратқанның жарылқап бере салған бір құт мекені. Қойны-қонышы толған ел, шипалы су, таза ауа, берекесі бойында тұрған құнарлы жер. «Қазық қақсаң – терек болып шығатын» бау-бақшалы жердің нақ өзі. Жер жәннаты – Жетісуға нәр беріп, әр беріп, көркейтіп, көктетіп тұрған, оны Жерұйық атандырған осы Алатаудың нұры. Алатаудан басталатын құнарлы Іле өзені жеріміздің қақ ортасындағы Балқаш көліне құйып, ен даланың да мейірін қандырып, Бетпақдала мен Сарыарқаға да нәр беріп тұр. Еліміздің жетпіс жылдай астанасы болған жұмақ қала – Алматы да Алатаудың баурайында. Мұнда сәулет өнерінің жетістіктері саналатын небір ғимараттар, ғылым мен өнер ордалары, демалыс, ойын-сауық орындары, спорт кешендері бар. Еліміздің зиялы қауымы да әзірге Алматы қаласында шоғырланған. Мұнда 1,5 млн аса халық тұрады. Сондай-ақ, Қарасай, Талғар, Талдықорған, Қапал, Жаркент сияқты көптеген қалалар да осы таудың баурайында. Алатаудың Хан-Тәңірі шыңы, Шарын шатқалы дүние жүзіне мәлім.
Привет,друг это я. Поздравляю тебя с днём Астаны (6 июня) И ещё раз поздравляю!поздравляю!поздравляю! Желаю тебе удачи в учении,что-бы хорошо себя вёл,и не когда не подводил своих родителей!
Нағыз дос деп қуанышты сәттер де ғана емес, қиын сәттерде де бірге бола алатын, материалдық жағынан, тіпті досы үшін жанын қию керек болса, жанын да аямаған адамды нағыз дос деуге болады.
Жаман дос ар-ұжданы жоқ, әдепсіз,адамгершіліксіз, көмектеспейтін, қолдамайтын, сізді қиын жағдайда оңай қалдыра алатын адам .