Ұ. о-дың кейбір түрлері төмендегідей:
Бөрікпен ұру. Қырағылыққа, мергендікке баулиды.
Ойынға бірнеше бала қатысады. Алдымен ескі бөрік домалақтала буылады.
Ойыншылардың бірі бөрікті қорғауы, қалғандары оны қорғаушыдан алып кетуі
тиіс. Бөрікті ұстаған қорғаушы келесі ойыншыны бөрікпен ұрып дәл
тигізсе, ол “ұрушыдан“ қашушыға айналады.
Тобық жасыру. Сақтыққа, ұқыптылыққа баулитын ойын.
Бұған екі адам қатысады. Ертеректе мұны қайнысы мен жеңгесі, балдызы мен
жездесі, құрбы қыздар мен жігіттер ойнаған. Шарты: екі ойыншының өзара
келісімі бойынша тобықты біреуі жасырады да, екіншісі қай уақытта және
қандай (немесе кез келген) жағдайда сұрайтынына уәделеседі. Белгілі
мерзімде тобықты сұрағанда, жасырушы өз бойынан (қалтасынан,
саусақтарының арасынан) алып берсе ұтқаны, ал тауып бермесе ұтылғаны.
Келісім бойынша ұтқан адам бәске тігілген затын алады.
Тұтқын алу. Ойыншылар тең екі топқа бөлінеді.
1-топтың ойыншылары тізбекке тұрып, бір-бірлеп: ал-алай, бұл-алай,
сол-алай деп әндетіп, 2-топ жасаған “қолкөпірдің” астынан өте бастайды.
Ал “көпір” жасаушы жақ олардың әрқайсысына бір-бірден тас немесе бас
киім ұстатады да, атын айтқызады. Бұлардың есіміне өздері шырқаған
әндегі “ай” қосылады. Мыс., Нұрқан-ай, Алтын-ай, Күміс-ай. Егер есімін
қосылып айта алса, көпірден өтеді, айта алмаса оның көзін таңып
“тұтқынға” алып, өз тобына қосады. Осылай қолға түскен “тұтқындар” топ
ортасында өнер көрсетеді. Ойын шарты бойынша әр ойыншы ең аз дегенде бір
реттен ортаға шақырылады.
Түйілген орамал. Ойын жүргізуші “бір, екі, үш” деп
дауыстағанда, ойыншылар жан-жаққа бытырап кетеді. Оның біреуінің қолында
түйілген орамал болады. Ойын жүргізуші соны қуалайды. Ал ойыншылар
орамалды бір-біріне лақтырып, қуғыншының қолына тигізбеуге тырысады.
Орамалмен ұсталған ойыншы көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер
көрсетеді.Түйе-түйе. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. 1-топтың
адамдары — адамдары — бірі інген де, қалғандары боталар. 2-топтың
ойыншылары ойын жүргізушісінің әмірімен жан-жаққа бытырайды да, інгеннің
боталарын бір-бірлеп ұрлайды. Барлық ботадан айрылған інген боздап,
қайғылы, зарлы да мұңды ән шырқайды, сөйтіп, “қарақшы” топқа тап болады.
Осы кезде ойыншылардың барлығы бір жерге жиналады. Ботасын ұрлаған
“қарақшылар” қалай қарсы алғандығына қарай інген оларға жаза қолданады.
Бұдан кейін інген мен боталардың орнына өзге адамдар шығады да, ойын
жалғаса береді.
Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді. Киіз үйдің құрылысы бірнеше бөліктерден тұрады.
Киіз үйдің сыртқы бейнесі.
Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. сол сияқты шағырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді.Үйдің сүйегін сәмбі талынан жасайды. Халық сәмбі талын сыр талы, қайыр талы, боз тал деп те атайды. Үйдің сүйегін жасайтын шеберді “үйші” дейді.
Киіз үйді сыртқы көрінісіне, келбеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б. аттарымен атайды.Киіз үйлердің бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізіне тікелей байланысты. Мұндай жапқышты халықта “туырлық” деп атайды. Туырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды. Киіз үйдің туырлығы бірыңғай ақ қойдың жүнінен басылған киізден жасалса оны “ақ үй”, қоңыр жүннен басылған киізден жасалса “қоңыр үй” деп атайды.Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:
Шаңырақ
1 – тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. 2 – күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. 3 – беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 4 – шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.
Киіз үй керегесі
Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды.
Кереге.
Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.Уық
Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.
Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.
Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады. Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.
Киіз үй есігі
Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау.
Киіз үйдің есігі – «Сықырлауық»
Киіз үй есігінің құрылысы: 1-маңдайша; 2-босаға; 3 -сықырлауық; 4-жақтау; 5-табалдырық.
Сықырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді.
Сықырлауықты әшекейлеуге «қошқармүйіз», «түйемойын», «дөңгелек жапырақшалар», «түйетабан», «шырмауық» сияқты бедер-өрнектер қолданылады. Бедерлі шегелермен, желіммен сүйекті жапсырмалайды.
Бүгін сыныпта кім кезекші? Кезекші шаңды сүрттің бе? Ия, шаңдарды сүрттім, еденді жудым. Енді шкафтың ішін жинап, гүлдерді суғарамын. Тақтаны сүртемін.
Ну как то так.Аяз би. Жаман - қазақ ауыз әдебиетіндегі, ел басшысының үлгілі бейнесі. Аяз би туралы аңыздарды Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. Хан болған Жаманның жыртық шапанын хан сарайы босағасына ілдіріп, соған көзі түскен сайын тәубасынан жаңылмай: "Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл" деп отыруы халық даналығының көрінісі болып табылады.