Қонақжайлылық-адамның келген қонаққа деген ілтипат пен әзетпен қарауы. Әр ұлтта өз мәдениетіне сай әр түрлі әдет ғұрыппен сипатталады. Қазақтардың қанына ана сүтімен даритын қазақ ұлтына ғана тән асыл қасиет. Сондықтан да қонақты сыйлау, құрметтеу, қонаққа деген ілтипат көрсету бала кезден қалыптасады. Шақырылған қонақты әйел адамның жылы жүзбен бетіне күле қарсы алуы, хал ақуалын сұрап төрге отыргызып, дайындаған ас тағамдарын беріп, ренжітпей қайтаруы қонақты сыйлау мен оған көрсетілетін құрмет болып саналады. Егер шақырылған қонақтардың ішінде келе алмағаны болса, әйелі сарқыт салып беріп, оған өз тарапынан сәлем айтады. Жоғарыда аталған құрмет тек қана шақырылған қонаққа көрсетілетін сый-сыяпат емес, ол кез келген уақытта келген қонаққа корсетіледі. Егер келген қонақ асығыс болса, онда әйелі ауыз тию жосынын жасайды. Қонақты күту, сыйлау көбінесе әйел адамға қатысты болады. Сондықтан қазақ әйелдері қонақты сыйлау, күту мәселесін терең меңгерген және оны бала тәрбиесінде катаң ұстанады, егер үйде ата-анасы болмаған жағдайда баласы келген қонақты үйге кіргізіп, қонаққа шай береді. Қазақтар арасында келген қонақты үйге кіргізбей сырттан қайтару ұят болып есептелініп, ата-анасына сын болған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық даналығында отбасында алған тәрбиенің кез келген уақытта көрініс табатындығын меңзейді. Сондай- ақ, әйел адам қонақ келген кезде бала тәрбиесіне көп көңіл бөледі, қонақ отырғанда баласына ұрыспайды немесе дауысын көтеріп сойлемейді. «Қонағын сүймеген, баласын ұрады, не үйін сыпырады» деген мақал осыған қатысты айтылған.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
АНТОНИМ. Сары сайран-қара сайран
Бір күні аңшы аң аулауға шығыпты. Ол аңдарды іздеп, орманға барыпты. Орманда таза ауамен серігіп отырайн деп, жерге жайғасыпты.Демалып мылтығын ұстап отырды. Аңшы ойланып отыр екен. Аңның бәрі қайда кеткен деп... Дәл сол сәтте, бір қоян қуыстан шыға келді, аңшыны көрмеген сияқты. Аңшы мылтығын алайн деп жатты. Осы кезде сол қоянның артынан балалары шыға келді. Аңшы оларға қарап,жымиып мылтығын орнына қойды. Оларға қарап таңғалып,аппақ қошақандарын алып жүрген анасына таңғажайып әсер алды. Қоядар өздерінің қуыстарына қайтан секіріп кетіп қалды. Аңшы да өз жолымен үйіне бас бұрды. Аңшы өз ішінен айтты, бұндай таңғажайыпты әлі көрмегем екен, бүгін осындай әсерім үшін еш жануарға тиіспейн деп өз жөніне кетті
<span><span><span>Пословицы на казахском языке (<span>Мақал-мәтелдер) </span>о здоровье</span>
</span>
Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.
Денсаулық — зор байлық.
Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.
Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса,' жан азады.
Айдалада атқан оқ
Ажалдыға тиеді.
Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, сау қайт.
Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.
Аяншақ көзге шөп түскіш.
Күлегештің көңілі азбас,
Күтіншектің өзі азбас.
Қырықта қылау,
Сексенде шылау.
Ұрынарға қара таппай,
Емдетуге жара таппай...
Жасырғанның жарасы асқынады.
Өлгенге өкпе жүрмейді.
Сақинаны сәнге салмайды,
Тазалыққа таразы.
Лас адам — кіршіл,
Надан адам — діншіл.
Боранын бұрқыратқан қыстан,
Сай-сүйегіңді сырқыратқан
Сары уайым жаман.
Күлкі — ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.
Қотырды қаси берсең қаны шығар.
Киізді қаға берсең шаңы шығар.
Соқырдың қолына түспе,
Саңыраудың астына түспе.
Таздыңтарағы алтын,
Мергеннің садағы алтын.
Көбікті қарда түлкі ойнар,
Көңілді көзде күлкі ойнар.
Ауру жайын баққан біледі,
Аңның жайын атқан біледі.
Үшнәрсенің алдынал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдынал.
Біреуге өлім тілегенше
Өзіңе жүрім тіле.
Тісі ауырғанның көңілінсұрамайды.
Өлім деген ойран,
Өмір деген майдан.
Кесел батпандап кіріп,
Мысқылдап шығады.
Жас жігіттің жарасы,
Жол-жөнекей жазылар.
Алты қатын азаға келсе,
Әр қайсысы өз мұңын
Айтып жылайды.</span>