Тасбақалар (лат. Testudines) – бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі. Триас кезеңінен белгілі, котилозаврлардан
шыққан деген пікір бар. Қазір тіршілік ететін Тасбақалардың 250-ге жуық
түрін 12 тұқымдасқа, 2 кейде 5 отряд тармағына біріктіреді. Тасбақалар
барлық құрлықтарда (тек Антарктидада
кездеспейді), негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда
таралған, әр тұқымдастың өзінің таралу орталықтары мен көбірек
кездесетін жерлері бар. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік
ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын,
теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық және құрғақшылық кезде
қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді.
Тасбақалардың ерекшелігі денесі сүйекті-мүйізді не сүйекті-терілі сауытпен қапталған. Арқа сауытын карапакс, ал бауыр сауытын пластрон деп атайды. Сауытының ұзындығы 12 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Карапакс
теріден дамыған сүйек тақташықтарынан тұрады; оның ішкі бетіне омыртқа
қанаттары және қабырғалар бекиді. Пластронның тақташықтары бұғана мен
құрсақ қабырғаларынан құралған. Екі сауыттың біріккен жері тарамыс
сіңірмен қозғалмалы түрде не сүйектері кірігіп жалғасады. Екі сауыт
арасынан Тасбақалардың басы, мойны, аяқтары шығып тұрады, қауіп төнгенде
бұларды сауыт ішіне жиып алады. Көру, иіс сезу органдары жақсы дамыған,
нашар естиді. Жақтарында тістері болмайды, иегінде тұмсық тәрізді
мүйізді қабыршақтары бар. Құрлық Тасбақалары негізінен өсімдік қоректі;
тұщы су Тасбақалары балықтармен,
қосмекенділермен, омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Тіпті бірнеше
айдай қоректенбеуі де мүмкін. Құрлықта шағылысады (бір немесе бірнеше
жүз жұмыртқа салады). Жыныстық жағынан 2 – 3 жасында жетіледі. Кейбір
түрлері жылына 3 рет, кейде одан да көп жұмыртқа салады. Шар немесе
эллипс тәрізді жұмыртқаларының сырты әктасты қабыршақпен (құрлық тасбақаларында), не терілі жабынмен (тұщы су тасбақаларында) жабылған. Инкубация кезеңі көпшілік түрінде 2 – 3 ай (піл тасбақаларында 6 – 7 ай). Табиғи жағдайда 150 жылдай тіршілік етеді.
Тасбақалардың Қазақстанда 2 тұқымдасы: тұщы су тасбақалары және құрлық тасбақалары, олардың бір-бірден түрлері (батпақ тасбақасы) бар. Екінші тұқымдастың жалғыз түрі – дала тасбақасы
республиканың оңтүстігінде таралған. 38 түрі мен түр тармағы қорғауға
алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.<span>[1]</span>
Салем, менин кимбатты досым! Сены коптен беры корген жокпын? Кал жагдайын калай? Мен сабагымды жаксы окып ушыншы токсанды бытырып жатырмын! Озыннын сабагын калай? Бурында шыбыктай едын енды кандайсын? Мен остым ер жеттым бойым осты шыбыктай емеспын! Келесы жолы тагыда жазармын! Сау бол! Салеммен досын!
Өз үйің- өлең төсегің.
Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер.
Қызым саған айтам,кешенін сен тыңда.
《Сіз》,《біз》-деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
Құдайдың өзі асыраған тоқтысын қасқыр жемес.
Адам баласы тамақты көп жеген дұрыс емес.Өткені үш тен бірін тамақпен ,тағы да бір үш тен бірін сумен және қалғанын ауа мен толтыру керек. Я не переводила а выполнила задание
Біз суды айлап-жылдап пайдаланып келеміз.біз суды уақыт сайын - күн сайын ағысып тұрамыз.адамдар бірі қолын жуса,басқалары ыдыс жуады әртүрлі істер жасайды.ал бұл су үшін ел-жұрттың бәрі ақша төлейді.тіпті суды өңдеп,тазалап қайта пайдаланғысы келетін адамдар көп деп ойлаймын.бала-нәрестелер де су ішеді . сусыз ешбір адамға өмір жоқ. біз біле бермейтін су туралы мәліметтер көп.мысалы судың пайдасы да зияны да бар.мысалы құбырдан ағып тұрған суды ішуге болмайды. судың қадірін барлығымыз білуіміз керек . судың қадірін ақақалдар қарт адамдар жақсы біледі
егер көмектессе лучший ответ қылшы