1. -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады: ал-ған, көр-ген, берме-ген, айт-қан, көрсет-кен, жүргіз-ген т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты, не үнді, не ұяң болса, жуан буыннан кейін -ған жіңішке буыннан кейін -ген жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -қан, жіңішке буыннан кейін -кен жалғанады. 2. -ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін -с жұрнақтары арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады: бар-ар, көр-ер, айт-ар, сөйле-р, жургіз-ер, берме-с, көрме-с, айтпа-с т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -ар, жіңішке буыннан кейін -ер жалғанады да, дауысты дыбысқа біткен сөзге -р, болымсыз тұлғасынан кейін -с жалғанады. 3. -мак,, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады: бар-мақ, кел-мек, қара-мақ, сен-бек, жаз-бақ, кет-пек, жарат-пақ т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не ауыз жолды үнді (л, р, у, й) болса, жуан буыннан кейін -мақ, жіңішке буыннан кейін -мек жалғанады. Сөздің соңгы дыбысы мұрын жолды үңді (м, н, ң) немесе ұяң болса, жуан буыннан кейін -бақ, жіңішке буыннан кейін -бек жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -пақ, жіңішке буыннан кейін -пек жалғанады. Ескерту: Бұл жұрнак етістіктің болымсыз тұлғасына жалғанбайды. 4. -атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары арқылы өткен шак есімше жасалады: бар-атын, кел-етін, қара-йтын, сөйле-йтін т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -йтын, жіңішке буыннан кейін -йтін жалғанады. Бұл жұрнақ — кұранды қосымша, -тын, -тін, бөлегі тұрған деген көмекші етістік болған да, ол — -а, -ө, -й тұлғалы көсемшемен тіркесіп қолданып, бара-бара косымшаға айналып кеткен: бар-атын деген сөз, о баста бара тұрған болған да, кейін баратұғын болып, одан баратын болып қалыптасып кеткен. Есімше тұлғаларына емес, жоқ сөздері тіркесіп, болымсыздык мағына беріледі: барған емес, барар емес, бармақ емес, жоқ сөзі -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшемен ғана тіркеседі: барған жок.
Бұғы . Бұғылардың көпшілігі орташа немесе ірі денелі, сымбатты келеді. Барлық түрінің дерлік (су бұғысын қоспағанда) еркегінің тармақтанған сүйекті, қуыс мүйізі болады. Ұрғашысында мүйіз тек солтүстік бұғысында ғана болады. Бұғының мүйіздері жыл сайын қыста немесе көктемде түсіп, қайта өсіп шығады. Өсіп келе жатқан мүйізінің терісінде түгі болады, бірақ ол мүйіздің өсуі тоқтағаннан кейін түсіп қалады. Бұғылар орманда, орманды далада, тундрада, тауда кездеседі. Ағаш, бұта жапырағын, қабығын, шөптесін өсімдіктерді, қынаны, мүкті, т.б. қорек етеді. Ұрғашылары мамыр – шілде айларында бұзаулайды. Бұғының барлығы дерлік кәсіптік маңызы бар аң. Олардың терісі және етін пайдаланады. Теңбіл бұғы мен маралдың еркегінің мүйізінен дәрі жасалады.
Оқу жылының басталуы да таяп қалды.Мен оқу құралдары мен киімдерімді сатып алып,даярлап қойғанмын.Енді шашымды қидырту ғана қалды.Әкем апарайын ба дегенде,мен өзімнің есейгенімді көрсетпек болып,өзім барам дедім.Үйге жақын орналасқан шаштараздардың біріне кірдім.Іші өте ідемі әрі жаңа.Танымал әндердің бірі қосылулы.Бір шаштаразшының қасына барып,шаш қидыртуға келгенімді айтқан едім.Ол маған шаш үлгілерін ұсынды.Мен не таңдарымды білмей қалғанмын.Сондықтан,шаштаразшыға: "мектепке сай,көбісі қидыртатын шаш үлгісін қолдана беріңіз" - дедім.Бірер уақыттан соң шашым жаңарып шыға келді.Шаштаразшыға алғысымды айтып,ақшамды тастап кете бардым.Енді шаштаразға өзім қорықпай бара беретін болдым.