Ақылды құмырсқалар Сүлеймен пайғамбардың құмырсқамен сөйлескені туралы хикаяны естігенде ақжүрек адамдар: «Несі бар Алла сөйлетем десе құмырсқаны да сөйлете береді» деп күмәнсіз құлшылығын жасап жүре береді. «Құмырсқа сөйлеуші ме еді?» деп әрі-сәрі күйге түсіп, күмәннің кесірінен кеудесі тарылатын пенделер – дінге жеңіл қарайтын немесе дүние ғылы-мына есі кете ғашық болған жаңа қазақтар. Ақыл деген – денеге егілулі дән, Суғарылса, кіреді оған да жан. Ақылдың өсіп-өніп, зораймағы Көрген-білген нәрседен ғибрат алған.
Ғалымдар құмырсқалардың ұйымдасып жұмыс жасау құпиясын түсіне алмай діңкелейді. Өте күрделі жұмыс атқаратын жәндіктер бойына туа біткен инстинкті реакциямен тіршілік кешеді дегенге бұл күні біз түгілі олардың өздері де сенгісі келмейді. Ғалымдар олардың жұмылып жұмыс жасау барысында аса қажетті ақпаратты қайдан алып, қалай оны бір-біріне тілсіз таратып отыратынын таба алмайды. Ашылмай тұрған ең үлкен құпия – ғылыммен жасалатын жұмыстарды іске асырғанда ақыл-ой, интеллектіні қайдан алады? Ақпарат қоймасы құмырсқаның қай жерінде сақталады? Cебебі оның жүйке талшықтары тым жіңішке һәм өте нәзік. Құмырсқалар қауымы жалпыға бірдей қатаң тәртіпке түгелдей бағынышты. Қауымдағы әр бір мүшенің өзіне тиесілі міндеті бар. Аса жауапты міндеттермен ұйымдасқан жәндіктер кез-келген көңіл-күйді сезініп, жұмыс барысында аянбай еңбек етуден ешқашан қашпайды. Жай ғана жыбырлап жүріп, не болса соны кеміріп жеп, басы ауған жаққа қаңғып жүре беретін көп жәндіктің бірі болса құмырсқа тіршілігіне ешкім де қызықпас еді. Гәп сонда – бұл жәндік алдына мақсат қойып, жоспармен жұмыс жасағанда алдына жан салмайды. Мысалы, құмырсқаның адам секілді қолға үйретілген «жуас үй жануарлары» болады. Оларды «құмырсқа сиыры» деп атайды. Орыстар «тлей» дейді. Асыранды «мини сиырлардың» денесінен тәп-тәтті шырын бөлінеді. Сол шырынды құмырсқалар негізгі ас-сусын ретінде ішіп, рақаттанып, мас болып жүреді. Сиырларды асырау үшін адам секілді олар да бақташы жасақтайды. Олар сиырды уақытымен тойдырып, сауып, бөпелерін тап-таза ас-ауқатпен асырайды. Сиырлардың емін-еркін жайылуына, өсіп-өнуіне кепілдік беретін құмырсқалар ішінен күзетшілер, қорғаушылар тобы іріктеледі. Жайылып жүрген тлейлерге тентек жәндік тиісетін болса, қарауыл құмырсқалар қырғын төбелесті бастап кеп жіберуге әмәнда дайын. Бақташылар міндеті тлейлерге құнарлы «жайылым жер» тауып беріп, жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп-қонуын қамтамасыз етеді. Шаңқай түс болып, күн ысығанда оларға шөп-шаламнан қалқа құрастырып, көлеңке жасайды. Қар түсіп, күн суытса, ұрғашы сиырларды жып-жылы, құп-құрғақ мекен-жайға жайғастырады. Құмырсқалардың дені сау болып, ұрпағы жақсы дамуы үшін сиырдың баппен күтілімі ауадай қажет. «Сиыры» семіз болса, құмырсқа да күйлі. Сондықтан өз бетінше өсіп-өнетін «сиырға» қарағанда құмырсқалардың қарауында өскен тлей өте тез, әрі аман-сау көбейеді. Сондықтан тлей құмырсқадан қожайын тапса, бала-шағасына дейін шаттанысып, қуанады. Амазонкадағы құмырсқалар жемтік іздеп, «аңға» шыққанда алғашқы қауымдағы жабайы адам-дардың дәу мамонтты жарға жығып, жабылып жәукемдегенін еске салады. Бұл жәндіктер дене тұрқы өздерінен екі-үш есе үлкен жәндікті қулыққа құрылған айла-тәсілімен оп-оңай қолға түсіреді. Үлкен-үлкен өсімдік жапырағының талшықтарын қиып алып, олардан іші қуыс кішкене үйшік жасайды. Үйшікті құрастырып болған соң ішіне көп жауынгер жасырынып жатып алады. Бірнеше ұсақ құмырсқа басын ғана қылтитып, жемтігін шақырады. Әлгі жердегі өсімдіктің шырынына жиналған ара, шегіртке немесе қоңыз ол үйшікті өсімдіктің жапырағы немесе сабағы деп ойлайды. Олжасын күтіп отырған құмырсқалар ұйымдасқан түрде қорегіне күтпеген жерден тарпа бас салады. Мұндай шапшаң шабуыл күтпеген қоңыз, шегіртке, дәуіт не болғанын түсінбей, тапырақтап қалады. Сол сәтті күтіп жатқан жауынгерлер жан-жақтан лап береді. Біреуі тобықтан, біреуі бақайдан, енді біреуі кеудеден келіп қайшы тісті шақырлатып салғанда, дөңкиіп тұрған қоңыз, шегірткең шатқалақтап қалады. Көзі қарауытып, есеңгіреп қалған бейшара жәндік денесін ұйытып, дызылдатып бара жатқан құмырсқа уына шыдай алмай, ақыры «гүрс» етіп құлайды. Көзді ашып-жұмғанша жүздеген «мини жыртқыш» дөңкиіп жатқан «бақытсыз» жәндікті жіліктеп, турап, осып, қидалап, боршалап, әп-сәтте түгін қалдырмай тасып әкетеді. Жоғарыда баяндалған жәндікке арналған әдіс сізге бір кездері Троя шаһарының түбіне жететін Пасейдонға арналған үлкен ағаш ат секілді елестеуі мүмкін. Бірақ құмырсқаның адамнан ақыл сұрамайтыны анық. Олай болса құмырсқаға бұл тәсілді үйреткен бір Құдіреттің барына таңғалмасқа шараң жоқ.Тағы бір таңғаларлық жайт, амазон-калық құмырсқалардың басқа бір түрі.
Қымбатты досым, біздің отбасымызда үлкен жаңалық болды, кішкентай сәби дүниеге келді. Сол қуанышымызбен өзіңмен бөліскенше асығып, осы хатты жазып отырмын. Інімнің атын азан шақырып, Азамат қойдық. Оны үйге алып келген күні, үйде дәстүр бойынша інімнің құрметіне шілдехана жасалды. Оған көптеген ағайындар жиналды. Шілдеханаға жиналғандар ақ тілектер айтып, інімді көргісі келгендер көрімдік берді. Досым, міне мендегі жаңалықтар осындай, жақсы сау бол!
Ерте заманда ақ бидай өз бетімен өседі екен.Бір жылы қуаңшылық болады.Күннің аптабынан өсімдік қатты тарығады.Сол кездері тіршілік үшін таласқан басқа өсімдіктер Ақ бидайды қаумалап ,алқымға ала бастайды.Тамыры мықтылар ақ бидай өсіп тұрған жердін ылғалын тартып алып ,оған күн сәулесін түсірмеуге тырысады.Ақ бидайдың жағдайы нашарлай бастайды.Ақ бидай аңдардан, құстардан көмек сұрайды.Бірақ оның өтінішіне ешкім құлақ аспайды.Енді өлдім деген кезде Ақ бидайға садақ асынған аң аулап жүрген адам тап болады.Ақ бидай оған өз жағдайын айтып одан көмек сұрайды.Адам Ақ бидайға көмектесуге кіріседі.Ақ бидайдың айналасындағы арам шөптердің бәрін жұлып тастайды, содан кейін ағып жатқан бұлақтан қос уысын толтырып су алып келеді.Әлсіреп қалған Ақ бидай суға қанып ,бой түзеп құлпырып өсе береді.Күзде бидай пісіп ,адамға тарту етеді.Адам сыйға алған дәнін бір күз, бір қыс сақтайды.Көктемде жерді қопсытып әлгі дәнді себеді.Жаз бойы арам шөбін жұлып ,суғарып баптап тұрады.Күзде бір дорба бидай алады.Содан кейін бір қап,жүз қап бара, бара мол өнім алатын болды.Адам мен Ақ бидайдың достығы ерте заманда осылай басталған екен.
Тоңазытқыштар-тез бұзылатын өнімдерді салқындатуға, мұздатуға және сақтауға арналған құрылыстар. Тоңазытқыштың үй-жайларында (камераларында)үлкен салыстырмалы ылғалдылықта (85-95%) тұрақты өте төмен температура (+12-40° С) сақталады. Тоңазытқыштың үй-жайларына жоғары санитарлық талаптар қойылады.
Жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін сақтаудың міндетті шарты үздіксіз тоңазыту тізбегін құру болып табылады, ол өнім өндіру немесе дайындау мерзімі бойы оны тұтыну сәтіне дейін төмен температурадағы азық-түлік өнімдеріне әсер етуді қамтамасыз етеді.
Елдің әртүрлі аудандарында орналасқан тоңазытқыштар үздіксіз тоңазыту тізбегінің буындары болып табылады, ал nimios арасындағы байланыс Тоңазытқыш көлікпен жүзеге асырылады.
Жаңа жыл - басты күнтізбе мерекесі, наступающий келе жатқан жылдың алғашқы күндерінен кейінгі бірінші жылда. Күнтізбеге сәйкес көптеген нәрселерді қабылдайды. Бастапқы жылдың 1 қаңтарында Рим азаматы Юлия Цезарем 46 жасқа дейін