Дауылпаз - көнеден келе жатқан қазақтың ұрмалы аспабы
Дауылпаз - қазақ халқының көнеден келе жатқан ұрмалы аспабы. Бұл аспап тұрмыста кеңінен пайдаланылған. Аңшылық пен саятшылық кезінде аң-құстарды, мал баққанда төрт түлікті үркіткен. Сондай-ақ, жаугершілік заманда дауылпазды қаға отырып, әскербасылар белгі беріп, сарбаздарды бір жерге шоғырландырған. Балгер-бақсылар аруақтармен тілдескенде және адамдарды емдеген кезде қолданған. «Қыз қуу», «қазақша күрес», «арқан тарту» т.с.с. ұлттық ойындар дауылпаз сүйемелдеуімен өткізілген.
Дауылпаз аспабы үйеңкі, қайың, қарағай сияқты тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы малдың жұқа терісімен қапталады. Көп жағдайда сыртын қаптау үшін ешкі, түйе, сиыр терісін қолданған. Аспапта ойнау ыңғайлы болу үшін оған аспалы бау бекітіледі. Бауды иыққа асып алып, дабыл қағады.
Дауылпаз көлемі әр түрлі болуы мүмкін. Кейде аспапта дабыл қағу үшін ағаш тоқпақ пайдаланылады. Бұл аспап өзге халықтарда да кездеседі. Өзбектерде «тәбльбасс», қырғыздарда «доолбас» деп аталатын аспаптар дауылпазға ұқсайды.
Дауылпаз аспабы оркестр мен ансамбльдерде көп қолданылады. Аспап арқылы тұлпарлардың дүбірін, табиғат құбылысын, адам баласының қуану, шаттану сезімдерін көрсетуге болады. Алғаш рет дауылпазды оркестрдегі музыкалық аспаптардың қатарына Ахмет Жұбанов енгізген еді.
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
2009 жылы Алматы мен Мегаспорт клубтарының қосылуымен пайда болды. Клубтың тұңғыш жаттықтырушысы Вахид Масудов болды. Одан кейін клубты Сергей Юран жаттықтырды. Қазіргі және клубтың үшінші жаттықтырушысы болып Хольгер Фах болып табылады.
Ответ:
вот незнаю правильно или нет