Другими словами пысықтауыш это обстоятельство:пункти-точка
Денсаулығының жақсы болғанын қаламайтын адам жоқ, менің ойымша. Қалайтын, бірақ сол үшін еш нәрсе істемейтіндер көп сияқты. Өзім тек қана теңертең жүгіремін , басқасына мүлдем уақыт жоқ :)Бірінші байлық -денсаулық , денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек. Футбол ойнауда, шаңғы тебу де де, гимнастикамен айналысу да т.б. спортпен айналысу жатады. Тіпті, қар күреу, ағаш жару секілді үй шаруасын атқаруда спортпен шұғылданғандай пайда болады. Ал қыздардың үй сыпырып, терезе сүртіп ыдыс-аяқ жуғаны әрі анасына көмек, әрі денсаулығына пайдалы мұның бәрі қимылын қозғалысқа салауатты өмір салты үшін маңызды екенін көрсетеді. <span>Денсаулық зор байлық!</span>
Толағай" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы өмір сүргендігі, жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйелі Айсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанған әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, балаға Толағай деген ат қойғандығы айтылады. Ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашан құрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннаты Тарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенін біледі. Найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. Халық "Толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды. Шаршаған батыр тау астынан шыға алмай "Апа!" деген жалғыз ауыз сөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. Бақытты ана айғайлы жылауға басады, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмай көзінен жас бұлақ болып ағады. Содан бері бұл тау "Толағай" деп аталады. Аңызды Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының фольклорлық экспедициясы Тарбағатай өңірінен жазып алған. Қолжазба нұсқасы осы кафедраның арнайы қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
1. Көптік жалғауларын жалғаңыз
Отбасылар, ата - аналар, келіндер, оқушылар, әйелдер, ерлер, қыздар, ұлдар, әжелер, аталар, балалар, студенттер, әпкелер, жезделер, туыстар.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
1) Қарақат Алматыда тұрады.
2) Оның үйі үш бөлмелі.
3) Оның жұбайының есімі - Дәулет, ал балаларының есімі - Ерлан және Ержан.
4) Ол құрылысшы болып жұмыс істейді.
5) Қарақат көбіне ас үйде болғанды ұнатады.
6) Жиһаздардың барлығын жұбайы екеуі бірге таңдаған.
7)Балаларының бөлмесін өздері қалағандай етіп жабдықтаған.
3. Төмендегі сөздерге ІІІ жақта тәуелдік жалғауларын жалғап шығыңыз.
Оның ата-анасы,ата-әжесі, әкесі, анасы, баласы, күйеу баласы, қызы, ұлы, келіні, жеңгесі, жездесі, немересі, сіңлісі, қарындасы, інісі, ағасы, жиені, бөлесі, нағашысы, ағайыны, бауыры.