1. Жалаң сөйлем - тек тұрлаулы мүшеден тұрады. Яғни, бастауыш пен баяндауыштан. Мысалы: Мен келдім. Ал, жайылма сөйлем - тұрлаулы жəне тұрлаусыз мүшелерден тұрады. Тұрлаусыз мүшелер - анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш. Мысалы: Асан бүгін қызыл доп сатып алды. Мұнда, Асан-бастауыш, бүгін - пысықтауыш, қызыл - анықтауыш, доп -бастауыш, сатып алды- баяндауыш. 2. Көсемше үш түрлі жолмен жасалады. Олар: 1) -ып; -іп; -п 2) -а;-е;-й 3) -ғалы, -гелі, -қалы, -келі Мысалға: ойнағалы, келе, отырып, күліп, сөйлей. 3. Əр жанның өз сүйікті ісі болады. Адам сол істі жасай отырып, өзі бір керемет сезімге бөлінеді. Сол ісіне бар көңілін қойып, ерекше махаббатын сыйлайды. Сол секілді менің де сүйікті ісім бар. Ол, қолөнермен айналысу. Қолөнермен айналыса отырып, мен өзімді сабырға келтіремін. Қолөнермен айналысу - адамды рухани жағынан тынышталдырып, миыңды тынықтырады. Əртүрлі кесте тоқып, моншақтармен жұмыс істеймін. Сол жұмыстарым соңында өз жемісін беріп, əдемі дүниелер пайда болады. 4. Айжан: -Сəлем, Дана! Дана: -Сəлем, Айжан, сенің өз хоббиің бар ма? Айжан: -Əрине, мен велосипед тебуді жақсы көремін. Ал, сенің ше? Дана: -Менің сүйікті хоббиім - кітап оқу. Айжан: -Кітап оқудың қай жері қызықты? Дана: -Əр адам қызығушылығы əртүрлі болады. Міне, сондықтан да менің қызығушылығым басқаша. Мысалға, маған велосипед айдаған ұнамайды. Оның орнына зиялы адамдардың айтқан сөздерін есіме сақтап, одан түйін түйемін. Осы есіңде болсын.