Нужно перевестиии пожалуйста Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы музей, кітапхана ісі, көркем және музыка ө
Нужно перевестиии пожалуйста
Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы музей, кітапхана ісі, көркем және музыка өнері саласындағы ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту мекемесі болып табылады. Орталық 2000 жылы құрылды және жұмыс жүргізіп келеді. Президенттік мәдениет орталығы тарих және мәдениет ескерткіштерін жинақтап, зерттеу, еліміздің мәдени ұлттық мұраларды пайдалану мәселелерін қарастырады. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығының музейі келушілерге Қазақстанның тарихы, мәдениеті туралы кең уақыт аумағында түсінік алуға мүмкіндік береді. Музейдің мақсаты – тарих және мәдениет ескерткіштерін жинақтау, жүйелеу, сақтау және зерттеу. Музей музей ісі саласында республикалық ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады. Музейдің сегіз залы мен галереясында материалдық және рухани мәдениеттің археологиялық және этнографиялық жәдігерлері жинақталған.
ҚР Президенттік мәдениет орталығы музейінде келесі залдар мен галереялар орналасқан: Кірер залда – атриумда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен атрибуттары», «Қазіргі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі» атты галерея, «Егемен Қазақстан» атты галерея, көркемсурет галереясы, алтын мен асыл металдар залы, археологиялық галерея. Экспозицияларды құруда тарихи-хронологиялық, кешенді-тақырыптық принциптер сақталған. Тарихи құнды теңдессіз экспонаттарды сақтау, қалпына келтіру мақсатында Президенттік мәдениет орталығы ҚР ҰҒА зоология институтымен, археология институтымен, «Берел» қоры, «Қырым Аралы» қалпына келтіру орталығымен ынтымақ-тасады. Музей қоры фотоқұжаттамалық, археологиялық, бейнелеу өнері, нумизматика және бонистика, сирек кітаптар, киім, қару, жиhаз, ыдыстар, жылқы әбзелдері кілем-тоқыма бұйымдары, Б.Сарыбаевтың қазақ халық аспаптары, И.Н.Тасмағамбетовтің зергерлік бұйымдар коллекцияларынан құралған. Музейге келушілер жүйелі көрсетілген экспози-циямен жан-жақты таныса алады.