Ответ:Тынымбай Нұрмағанбетов 1945 жылы 10 маусымда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының «Бірлік» кеңшарында дүниеге келген. 1968 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетін бітіргеннен кейін еңбек жолын көп тиражды «Су құрылысшысы» газетінен бастаған. Қызылорда облыстық радио комитетінде істеген. «Жазушы» баспасында редактор қызметін атқарған. 1981 жылы М.Горький атындағы Жоғары әдебиет курсын бітірген. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының сценарийлық коллегиясында қызмет істеген.
Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы «Қауын иісі» деген атпен шықты. Содан бері бірталай кітабы жарық көрді. Біраз туындысы орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылды. «Қош бол, ата», «Қарлығаштың ұясы» повестері Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті, Қазақстан Жазушылар одағы, «Жалын» альманахы бірлесіп өткізген жабық конкурста жүлде алған. Орыс тілінде шыққан «Қауын иісі» кітабы үшін Бүкілодақтық М.Горький атындағы конкурстың дипломына ие болды (1981). Халықаралық Қазақ ПЕН клубы сыйлығын алған (2000). «Құрмет» орденінің иегері (2006).
«Табалдырығыңа табын», «Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі» пьесаларының, «Тырналар ұшып барады» телефильмі сценарийінің авторы.
Шығармалары: Қош бол, ата. Повесть пен әңгімелер. А., «Жазушы», 1972; Қарлығаштың ұясы. Повесть пен әңгімелер. А., «Жазушы», 1975; Ата қоныс. Әңгімелер. А., «Жалын», 1980; Дарияның арғы беті. Повесть пен әңгімелер. А., «Жалын», 1981; Ата қоныс (орыс тілінде). М., «Молодая гвардия», 1984; Бәйтеректер. Повесть, әңгімелер. А., 1986; Туған ауыл түтіні. Роман. А., 1989; Балалық шақтың әндері. Повестер мен әңгімелер. А., 1994; Таңдамалы. А., «Жазушы», 1997; Айқай. «Өнер», 2000; Екі томдық таңдамалы. А., «Өлке», 2005–2006; Ауғандық құстар. А., «Жазушы», 2009.
Подробнее - на Znanija.com - znanija.com/task/26716156#readmore
Объяснение: