Жан біткендей жас талға, шуақ ойнап арайлы. күн күлімдеп аспанда, мамыр ани тарайды. жайдары жаз төрге енип, жадыратты жұртымды. жер дуние тербеліп, қала, дала құлпырды.
<span>Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол
<span>Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы - ол,
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол?
Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,
Қыз таныстыр - қызыққа жұрт ыржаңшыл.
Қынаменде, жар-жар мен беташар бар,
Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?
Бала туса, күзетер шылдақана,
Олар да өлең айтар шулап жаңа.
Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,
Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең.
Өлеңді айтпақ түгіл, ұға алмайсың,
Айтсаң да үддасынан шыға алмайсың.
Сен білмейді екен деп айтпасын ба,
Неге мұнша сіресіп құп алмайсың?
Өлең деген - әр сөздің ұнасымы,
Сөз қосарлық, орайлы жарасымы.
Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,
Оған кімнің ұнасар таласуы?
Қарны тоқ қаса надан ұқпас сөзді,
Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді
Қадірін жақсы сөздің білер жанға
Таппай айтпа аған да айтар кезді.
Сый дәметпе, берсе алма еш адамнан,
Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан?
Сүйенерлік адамды құрмет қыл,
Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан.
Көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ,
Ондай жерде сөз айтып болма мазақ.
Біреуі олай, біреуі бұлай қарап,
Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ.
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Өлеңі бірі - жамау, бірі - құрау.
Әттең дүние - ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде - ақ көрініп тұр - ау.
Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көңлін қойып, көзін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан - саулық ойда жоқ әуел баста - ақ</span>
</span>
Құрамында антоним үстеулері бар мақал - мәтелдер:
1. Арғымақ аттың баласы
Аз оттап, көп жусайды.
Асыл ердің баласы
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
2. Аздың атасы бір,
Көптің батасы бір.
3. Көптен жақсылық құтылмайды,
Аздан азап арылмайды.
4. Көпсінген азға жегізер.
5. Азды алмаған, көптен құр қалады.
6. Ақылды кісінің белгісі - аз сөйлеп, көп тыңдау.
7. Аз болса да күйінбе, мая болса қайтесің,
Көп болды деп қуанба, зая болса қайтесің.
8. Досың мың болса аз,
Дұшпаның біреу болса көп.
9. Аласыға алтау аз,
Бересіге бесеу көп.
10. Азды көпке қосқанның
Арманы жоқ.
11. Аз болса, жетеді,
Көп болса, кетеді.
12. Таңертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама.
13. Еріншек түске дейін ұйықтайды,
Кешке дейін есінейді.
14. Ерте жатып, кеш тұру - еріншектің белгісі.
15. Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.
16. Бір ауылда мың туысың болғанша,
әр ауылда бір туысың болсын.