Бұл заман байқағанға күштінікі,
Азулы, тырнақты мен тістінікі.
Дүниенің патшалығы, батырлығы -
Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі.
Жуас қой ен жайылған - қасқырдікі,
Құл еркі қожайыны - «тақсырдікі».
Құр қалмақ, әр орнында қырсық шалмақ,
Тартыншақ, жалқау қара басқырдікі.
Даулы мал - ебін тапқан шешендікі,
Пыш-пышқа бағы ашылған көсемдікі.
Еті мол, қымызы мол, қалтасы тоқ,
Мінеки мені-ақ кісі десеңдікі.
Жаным - хақ, қара басым - патшанікі,
Абырой, кісілігім - ақшанікі.
Билігім, жиған малым, сөйлер сөзім,
Ашулы, жұдырығы зор саспанікі.
Жансыздық - іссіз қарап тұрғандікі,
Құр тілек құдай әбден ұрғандікі.
Күш-қуат жанталасып жинамасаң,
Мал, басың бұрын үміт қылғандікі.
Мен театрға ең алғаш рет апаммен барғанмын. Театрдың атауы С.Сейфуллин атындағы драма театры. Ол еліміздің орталығы Қарағанды қаласында орналасқан. Іші үлкен, кең, жарық, әдемі, сәулетті. Сахнада әртістер қойылым көрсетті. Онда соғыс кезіндегі халықтың мұң-мұқтажы сипатталды. Сол бір театрға барған күн әлі есімнен кетпейді.
Материалдық байлық : ақша, үй, кітап, дүние мүлік
Рухани байлық : білім,өмір, дене мүшелері
Не істеу керек түсіндіріп жпзшы коментке
Жайлау – жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Қазақ елінің дәстүрлі жайлауы Сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде,Қазақстанның солтүстік-батысында (Мұғалжарда), солтүстік-шығысында (Алтай, Сауыр және Тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы және Тянь-Шань тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (Қаратау өңірінде) болды. Қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. Халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. Жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. Мысалы, Жетісу өлкесінде қыстау Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбісі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты. Қазақстан жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды. Мысалы, көшпелі өмір сүрген адай – табын, шөмекей – шекті, бағаналы – балталы руларының Маңғыстау түбегінен Мұғалжар тауларына, Қызылқұмнан Торғай даласына, Шу өзенініңтөмен алабынан Ұлытау төңірегіне дейінгі көш жолдарының арақашықтығы 1000 км-ге дейін жететін. Ал Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі жартылай көшпелі қауымның көш жолдары 10 – 20 км-ден 40 – 80 км-ге дейін болды. Бұл төңіректегі жайлаулар құдықтар мен көлдердің айналасына орналасты. Жетісудағы жайлаулар мен қыстаулардың арасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 – 200 км-ге жететін. Қазақстан жеріндегі жайлаулардың адамға да, малға да ең қолайлысы – тау алаптары. Солтүстіктегі жазық даладағы жайлауларда мал, негізінен, құдық суынан суарылатындықтан қол еңбегін көп қажет етеді. Қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. Қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады