Созин сызып морфологиялық
Тіл туралы әңгіме қозғалса мазам қашады. Ондай әңгімені тіпті көтеріп қажеті жоқ еді. Мен тілдің кешегі күнін ойласам, тып-тыныш, қазақ тілі, орыс тілі, қытай, ағылшын, француз тілдері болсын, өмірде бәрінің өз орны, өзіндік мәні болды. Кімге қай тіл керек үйренді, қажетіне қолданды. Тілдер арасында кеше ешқандай талас болмады. Онан қазақ тілінің мерейін үстем етеміз, мемлекеттік тіл болады,- деп сайрадық, міне онан бері қаншама жыл өтті. Бұл, қазақ тілінің кешегі өмірі. Бүгін, тілге көз қарас тағы өзгерді. Тіліміздің мерейі өзге тілдерден үстем боларлық халге жететін шамасы жоқ. Бұл, шындық. Ал, ертеңі туралы ойлау одан да қорқынышты. Менімше, кімге қандай тіл ұнайды, қандай бір заң шықса да, әркім өз жүрегінің таңдауын қалайды. Тіліміздің ертеңін уақыт көрсетеді.