Австралияда ғана өседі
Коала аюына тамақ болып келеді
Жеті ата. Бұл – қазақ
халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың
нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін
білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.
"Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін
боларсыз.
Жеті жұт. 1.
Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6.
Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр
жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7.
Жылқыда өт жоқ.
Жеті қазына. Ол жөнінде
пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды
жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5.
Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
Жеті жетім.
Тыңдамаған сөз жетім.
Киюсіз тозған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу, қазсыз көл жетім.
Жерінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім.
Жеті ғашық. 1.Ләйлі –
Мәжнүн, 2.Жүсіп – Зылиха, 3.Фархад – Шырын, 4.Тахир – Зухра, 5.Арзу –
Қамбар, 6.Уәлик – Ғарра, 7.Уәки – Күлшаһ.
Жер бетіндегі әрбір адам өз елінің елордасын мақтан тұтады. Біздің мақтанышымыз – Сарыарқа төсіне қанат жайған шырайлы шаһар. Астанамыз жыл санап көркейіп, гүлденіп, ажарланып келеді. Келбеті де асқақ, айбарлы. Өзге жұрт қызыға, қызғана қарайды. Тамсанып, таңдай қағады.
Астана - бүгін өскелең қала. Кемел де келісімді ойлардың, ізгі ниет пен игі тілеудің қаласы. Есілдің мәрмәр жағалауынан зәулім ғимараттар салуға да, қаланың орталық бөлігінде еуропалық үлгідегі шағын орамдар тұрғызуға да орын жетерлік.
Астана – Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік . Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ азаматтық сезім билейді. Бұны көру, сезінудің өзі бір бақыт, маңдайға біткен бақ. Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала - жас қаламыз - өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.
синонимдер.
ұста, шебер,өнерлі.
2 МЕН 3 ЖАУАБЫ БІР. БІР БУЫНДЫ СӨЗДЕР ТАСЫМАЛДАНБАЙДЫ ЖӘНЕ БУЫНҒА БӨЛІНБЕЙДІ. МЫСАЛЫ БҰЛТ , ТАС. СУ ТАР ЛАҚ Т.Б.
БІРІККЕН СӨЗДЕР БҰЛ ЕКІ ТҮБІРДІҢ БІРІГУІНЕН ЖАСАЛҒАН СӨЗДЕР. МЫСАЛЫ БАЯНАУЫЛ , САРЫАҒАШ, ҚОСАЯҚ, Т.Б.
БІРІГІП АТАЛҒАН АҢ АТАУЫ ҚОСАЯҚ