1а.2д.3в.4а.5е.6е.7с.8с
9е.10д.11д.12д.13с.14а.
15в.16с.17а.18а.19д.
20не смогла
Тіл - адам қарым-қатынасының аса маңызды құралы. Сөзден күшті ешнәрсе жоқ, ал сол сөзді жеткізетін тіл. Тілдің тіршіліктегі мәніне қазақ ежелден ерекше көңіл бөлген. Ертедегі халық сөзге тоқтай білген. Шешілмей жатқан дау болса, сөзін тыңдата алатын сыйлы адамдарға жүгінген. Олар мәселені ұрыс-керіссіз бір ауыз сөзбен шешіп беретін болған. Сондықтан тілге шебер кісілер елді біріктіріп даудан құтқарып, ел алдында сыйлы болған, ал іші тыныш болған. Ал, үй-үйге өсек тасып, біреуді біреуге жамандап ұрыс-керіс тудыратын адамдар да бар, олардың тілімен жеткен қолайсыз сөздер жамандық тудырып отырады, баста жарылады, қадір құтта кетеді.
Күш-қайратымен, күрестердегі жеңістерімен есімі бүкіл қазақ қауымына танымал болған, Балуан Шолақ атанып кеткен әнші-композитор Нұрмағамбет Баймырзаұлы (1864-1916), Иманжүсіп Құтпанұлы, XIX ғ.-дың аяғы мен XX ғ.-дың басында өткізілген әлемдік додаларда кәсіби классикалық күрес жарыстарына қатысып, әлем чемпионы атанған, есімі әлемге әйгілі болған Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871-1948) бар қазақ ардақтаған нар тұлғалы азаматтар.Балуандық өнермен Абайдың әкесі Құнанбай, ата- бабалары Өскенбай мен Ырғызбай да айналысқан. Әсіресе, Ырғызбай талай ноқталы және қоңыраулы дейтін балуандарды жеңіп, үлкен атақ-даңққа ие болған екен. Балуандардың бір-бірімен күреске шығуын халық балуанға түсті десе, қарсыласын жығып, өз қауымының атын шығарып жүрген балуандарды «түйе балуан» деп атаған. Сонымен қатар күші мен әдіс-амалы айырықша асқан жеңілуді білмейтін балуанды күресетін ортаға ноқталап әкелетін болған. Бұл үрдіс бір жағынан қарсыласының мысын басу үшін қолданылатын психологиялық тәсіл болса, екінші жағынан балуанның асқан жеңімпаз ретіндегі мәртебесін айғақтайтын символдық рөл атқарған.Балуандар күреске шыққанда шалбар ғана киеді. Шалбардың балағын қара санға дейін түріп, беліне үш қабаттап қайыс арқан байлаған. Алғашқы қарсыласымен белдесіп жеңіске жеткен балуан келесі қарсыласын күтіп, сол алаңның бойына жайғасып отырады .
Менің үйдегі міндеттерім.
Мен ұл бала болғандықтан,ата-анам жауапкершілікті көп артады. Мен үйдің тірегімін.Олардың асыл қазынасымын.Мен үйде әке-шешеме көмектесемін.Қоқыс шығарамын,су әкелемін,отын жарамын.Үйді таза ұстаймын,өз бөлмемді жинаймын.