Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар тапжылмастан компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян. Мен компьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деймін.">
Пұл - ақша. Кейбір кезде "бұл" деген сөздің орфоэпиялық өзгерген формасы түрінде қолданылады. Шайыр - қарағай сияқты ағаштан ағатын қоңыр мөлдір сұйықтық. Ел арасында шайыр сағыз деген мағынаны береді. Сарбаз - әскери жұмысшы. Ғибрат - үлгі, өнеге, мысал, жақсы тәрбие. Ғұлама - ұлы, біртуар. Пешене - тағдыр, өмір, басқа жазылған дүние.
А с автобус
І с автобустың
Б с автобусқа
Т с автобусты
Ж с автобуста
Ш с автобустан
К с автобуспен
Найман-Ана
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтыматов - Қырғызыстанның халық жазушысы,коғам қайраткері.Оның қаламынан әдебиетімізден ойып тұрып орын алар шығармалар туды.Солардың бірі - "Боранды бекет" романы.Ал көптің жанына қаяу салар Найман-Ана туралы аңыз - соның бір үзіндісі. Бұл аңызда Дөненбайдың ұлы Жоламан мәңгүртке айналады.Ал Найман Ана өз ұлын тауып өз үйіне қайтармақшы болады.Дегенмен Жоламан анасын танымағандықтан өз еліне бармай, қожайындарының жалған сөзіне сеніп өз анасын өз қолымен өлтіреді.Найман-Ана - бар аналардың смиволы,қайсар жан.
Оқиға желісі Сарыөзек деген жердегі Ана-Бейіт деген мазардың тарихынан басталады.Сол Сарыөзекті басып алған жуан-жуандар қол астындағыларды адам төзгісіз азапқа салады екен.Менің сөзіме романның: «..Ал енді жуан-жуандардың қолында құлдықта қалған тұтқындардың күнін құдай көрсетпесін. Жуан-жуандар ондай құрбан құлдардың басына кепеш кигізіп, айуан азаппен ақыл-есінен айырады екен,»-деген үзіндісі дәлел бола алады.Найман Ананың жалғыз баласы осы азапқа душар болған еді.Бірақ үмітін үзбеген ана жас мәңгүрт деген менің жалғызым ба деп іздеуге шығады.Аңыздың: «Е, құдая, сол бейшара мәңгүрт басқа біреу емес, тек менің ұлым болса екен деп зарыға, зарлана тіледі. Мәңгүрт тұрмақ, тағы бір бәле болып кетсе де, тек менің ұлым болса екен...»-деп ананың бар жанымен тілеуінен оның баласының қандай болса да жанында қалуға ,қиыншылықтардан қорықпайтын батыл жан екендігін көреміз.
Әрине,баласының мәңгүрт болса да тірі екендігіне көзі жеткен ана оны елге қайтаруға тырысады.Алайда онысынан түк те шықпайды.Баласын иландырудың бар тәсілін қолданған Найман-Ананы Жоламанның өз қолымен атуы көзге жас әкелмей қоймайды.Оны шығарманың: «...Құлап түсерден бұрын басындағы ақ жаулығы ұшып кетті де, лезде құсқа айналаға, аспанды шарқ ұра шырылдап: "Ойланшы, кімнің баласысың? Атың кім? Атың кім? Сенің әкең Дөненбай! Дөненбай!.." - деп зар қақсады,»-деген үзіндісін оқып-ақ көзімізді жеткізіп,ауыр мұңға бет аламыз.
Қорытындылай келе айтарым,бұл шығармадан біз ананың жан айқайымен қатар өткен тарихты да біле аламыз.Туындыны оқыған адамның санасында мен жүрегінде үлкен орын қалатыны анық.Әлбетте,қазіргі таңда мұндай зұлымдықтар,әділетсіздіктер кездеспейтіні кімді де болсын қуантпай қоймайды.
Слово волейбол по лицам на казахском <span>Пожалуйста сделайте !!!!!!!!!!!!!!!!!</span>