Берілген автор сөздерінің ыңғайына қарай төл сөздер ойластырып,көп нүктенің орнына жазыңдар, тыныс белгілерін қойыңдар.
1. «Әрқашанда тату болайық!» дегенді жиі айтатын Айсұлу.
2. «Жоғары шығыңыз, төрлетіңіз!» дедім мен амандасып болғаннан кейін .
3. «Қарағандының пойызы нешеде келетін еді?» деп сұрадым мен одан.
4. Сонан соң өзінен - өзі: «Бұл айтқаным дұрыс болмады – ау!» деді.
5. Ақылбек былай деді: «Демалыс күні мектеп алаңында футболдан жарыс өтетін болды».
6. «Неге барлық қиыншылықтар менің басыма түсті?!»деп дауыстады Әлия қолын көтеріп.
7. Кеше кешке жолыққанда Сәуле «Міндетті түрде ұйықтап қалмай, алыстан келе жатқан қонақтарды уақытында күтіп алып, қонақ үйге жайғастырыңдар» деп, Алмастан қайта - қайта өтініп, сөзін әбден пысықтаған.
8. «Көйлегім өзіме құйып қойғандай жараса кетті – ау!» деді Әсем өзіне - өзі сүйсінгендей.