1) Жер кіндігі дегеніміз жердің ортасы, жер ананың кіндігі. Жер ана біздің екінші анамыз деп есептесекте болады. Өйткені кіндік-орта деген мағынаны береді. Біз жер ананы құрметтеуіміз керек.
Жайылма сөйлем<span> — жалаң сөйлемнің құрамындағы бастауышты не баяндауышты, не түгелдей сөйлемді түсіндіру үшін құрамына тұрлаусыз мүшелердің біреуі немесе бірнешеуі енгізілу арқылы жасалған жай сөйлемнің түрі. Жайылма сөйлем жасаудың бірнеше жолдары бар. Тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің төңірегіне топталады. Мысалы, “Еріншек егіншіден елгезек масақшы артық” (мақал). Осындағы “елгезек” сөзі “масақшы” сөзінің (бастауыштың) анықтауышы болып тұр. Сондай-ақ, “Адамның алып анасы — қара жер перзентін құшағына бір алады” </span>сөйлеміндегі бастауыш қызметінде “жер”, оның анықтауышы “қара”, айқындауышы “ана” болып тұр. Ал “ана” сөзінің анықтауышы ретінде “алып” және “адамның” сөздері қызмет
Біз бос уақытта немен айналысамыз?
Что мы делаем в свободное время?
Ермек істердің қанша түрі бар?
Сколько есть занятий?
Олар немен көмектеседі ?
Чем они помогают?
Дауылпаз - көнеден келе жатқан қазақтың ұрмалы аспабы
Дауылпаз - қазақ халқының көнеден келе жатқан ұрмалы аспабы. Бұл аспап тұрмыста кеңінен пайдаланылған. Аңшылық пен саятшылық кезінде аң-құстарды, мал баққанда төрт түлікті үркіткен. Сондай-ақ, жаугершілік заманда дауылпазды қаға отырып, әскербасылар белгі беріп, сарбаздарды бір жерге шоғырландырған. Балгер-бақсылар аруақтармен тілдескенде және адамдарды емдеген кезде қолданған. «Қыз қуу», «қазақша күрес», «арқан тарту» т.с.с. ұлттық ойындар дауылпаз сүйемелдеуімен өткізілген.
Дауылпаз аспабы үйеңкі, қайың, қарағай сияқты тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы малдың жұқа терісімен қапталады. Көп жағдайда сыртын қаптау үшін ешкі, түйе, сиыр терісін қолданған. Аспапта ойнау ыңғайлы болу үшін оған аспалы бау бекітіледі. Бауды иыққа асып алып, дабыл қағады.
Дауылпаз көлемі әр түрлі болуы мүмкін. Кейде аспапта дабыл қағу үшін ағаш тоқпақ пайдаланылады. Бұл аспап өзге халықтарда да кездеседі. Өзбектерде «тәбльбасс», қырғыздарда «доолбас» деп аталатын аспаптар дауылпазға ұқсайды.
Дауылпаз аспабы оркестр мен ансамбльдерде көп қолданылады. Аспап арқылы тұлпарлардың дүбірін, табиғат құбылысын, адам баласының қуану, шаттану сезімдерін көрсетуге болады. Алғаш рет дауылпазды оркестрдегі музыкалық аспаптардың қатарына Ахмет Жұбанов енгізген еді.