Бүгінде бүкіл дүниежүзілік мұраны іс жүзінде арнайы орын не жай бөлмей-ақ, үйге не кеңсеге сыйдыруға болады. Электронды кітапханаға Интернетке қосылған кез-келген компьютер не мобильді құрылғы арқылы қол жеткізе аласыз. Қажетті кітапты табу қиындық туғызбайды. Электронды кітапхананың міндетті элементтерінің бірі болып баспалдақты құрылымды электронды каталог саналады, ол кітапты қосу не жою шараларына байланысты автоматты түрде толықтырылады және жаңартылады. Сонымен қатар, электронды кітап қоймасында іздеу жүйесі қарастырылған, мұнда кітапты атауымен, авторымен, шығу мерзімі және басқа деректерге байланысты тауып алуға болады.
Күрделі үстеу:
1.Бұл қателігіңді ендігәрі қайталаушы болма! (Ендігәрі)
2. Бүгін жаңа жыл кеші болды. (Бүгін)
3. Бұл жеңіске де әрең-әрең қол жеткіздік! (Әрең-әрең)
4. Ол менің кішкентай кезімнен бері күліп-ойнап жүрген достарымның бірі еді.. (күліп-ойнап)
5. Биыл мен жаңа үлгідегі аяқ-киім алдым.(Биыл)
Дара үстеу:
1. Ол жұлдыздай жарқ еткен жан. (Жұлдыздай)
2. Қария бүгін балаша қуанды. (Балаша)
3. Мен мұншама асығыс болады деп ойламаппын! (Мұншама)
4. Шындықты төтесінен айтты. (Төтесінен)
5. Айнұр бұл сөзді естіген сәтте-ақ, шалқасынан құлады. (Шалқасынан)
Бір кезде бір адам бау-бақшада гүл отырғызды.
Гүлдерге бəрі ұнады,оларға таза су беретін жəне оларды күн сəулесін беретін еді.Оларды адам отырғызды деп,қуанған еді.
Бір тамаша күнде:
-əй,гүл,мен мына жақта болғанша,сені адам отырғызғаны үшін өкінесің.-деп,айтады жаңа ғана өскен шөп. Гүлдің берекесі қашты,ол індемеді.Ол солып,қасындағы үлкен гүлге сүйінді.
Үлкен гүл оған ренжіме,біз одан көп ұзамай құтыламыз. Гүлдің көңілі көтеріліп қалды.
Таңертең,адамдар өскен шөпті жұлып алды. Ал,гүл өсіп,гүлденіп отырды.
Мен Қазақстан деген кең байтақ елде тұрамын. Менің елімнің жері кең, тынысы мол, жандарының көңілдері жайдары . Өзім қазақ болып жаралғаныма қуанамын, өйткені менің елімнің тарихы, салт –дәстүрі, әдет –ғұрпы өте бай. Мектепте қазақ әдебиеті пәнін оқығанда ,өз ұлтымның қыры мен сырын жете танисың.Мектеп ішінде қазақ тілі мен қатар орыс тілін де оқимыз. Бұл тілді біз басқа мемлекеттің балалары сияқты шетел тілі деп алмаймыз, ол біздің екінші тіліміз сияқты. Менің Қазақстанымда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз әрұлтты мемлекетпіз. Елімізде тұратын ұлттардың өз асссамблеясы бар екенін бізге мұғалім түсіндіріп кетті. Біздің қазақ ұлтының құқықтық правосы заңмен қалай сақталса, басқа ұлттардың да праволары солай қорғалады. Мәртебесі көкке жеткен еліміз көптеген жетістікке жетті. Жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Бір шаңырақтың астында қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт, неміс, украин, белорус, кәріс татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Көп ғасырлар бойы олар бір - бірінің салт - дәстүрін құрметтеп, жерімізді бөлісіп отыр. Қазақта «Отаны бірдің тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Біз білмейтін талай елдердің соғыстарын, террорлық істерді көргенде шошисың. Бізде бейбітшілік болып тұрғанға қуанасың, оның бәрі Елбасымыздың саясатының арқасы. Бейбітшілік болған соң ,биыл тәуелсіздігіміздің 20жылдық тойын жасамақпыз. Елімнің болашағына, халқыма бейбіт өмір, халықтар арасына достық, ынтымақтастық
болсын деймін. Біз бейбітшілік өмірді қалаймыз!
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт, кең жатыр.
Бірімен - бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, қазақ, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.