Нығаю-беку-қатаю-нық тұру
мағлұмат-мәлімет
шайқас-соғыс-ұрыс
ену-кіру
қыру-жою
талай-көптеген-біраз
Менің байлығым, барым, нәрім... Ол сенсің – кітабым! Қай кезде де сарқылмайтын, ескірмейтін білім бересің де тұрасың. Оның есесіне ештеңе де сұрамайсың. Жан баласынан шексіз мейірбансың, ақылы тасқан данасың. Әркез санама рухани тыныштық ұялатып, сабырға шақырасың. Сөйте отырып күлкі сыйлап, бір кез жылатып та аласың. Сол үшін де сені шынайы дос санаймын. Сенің түрлі-түрлі кітаптарыңды оқып болғасын беттерді парақтай отырып әрбіріңді алғысым ретінде бір сипап, маңдайыңды сүйгендей мұқабаңды сүйемін ғой кітапжан. Олай сүюімнің де себебі бар. Оны өзің де білесің. Бүгінгі күні сенің орныңды осал, арзан дүниелер ысырып жатыр. Көксандықтың да көрсетіп жүрген ортақол шоулары халықтың талғамын бұзды. Осынау арзан, болмашы бағдарламалар ойлауға мұрша бермейді. Бұл жәйтті қоғам көре тұра еш шара қолданбайтынын көріп ішім қан жылайды. Кітап оқып отырған адамды көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Ол көркем әдебиет атты қиял-ғажайып, тылсым әлемге енеді. Оның өмірге деген құштарлығы пайда болады, қызығушылығы оянып, ойлануға мүмкіншілік туады. Мұндай сезімді сезіну де бір ғанибет қой оқыған адамға!
Ұлы философ Бэкон кітап жайында: «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, көкірегіндегі қастерлі қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» деген екен. Сол ой кемесі – кітаптар арасынан маған, менің жан дүниемнің шартарабына әманда достық еншісіндей жұбаныш болар бір кітап бар. Ол – Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы. Қанша оқысаң да қайталап оқи бергің келетін көркем дүние дер едім мен оны. Жазушы жасаған образдарының шынайылығы мен үндестігі сені еріксіз тылсым әлемге жетелейтіндей. Бір ғана махаббат сөзіне көп мағына беретін автор сөздері бүгінгінің жастарының жетесіне жетерліктей ой салады. Ұлы Отанның патриоты етіп сезінтіп, оны махаббатым деп, Ербол арқылы тегіс қазақия жастарының бойына үлгі етеді. Иә, кеудесінде адамгершілік, берік махаббат ұя салмаған адам анасына да, Отанына да адал бола алмайтыны анық. «Әр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол махаббат әр жас отбасының алтын діңгегіне айналсын. Тек әр отбасының ғана емес, махаббат деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырластық, дәстүріне деген жан-тәнімен берілгендік сезімдері біздің Ұлы Отанымыздың алтын діңгегі болсын!» - деп автор ел жанашыры ретінде жүрек жарды сөздер арнайды.Осындай майталман жазушылар, көркем шығармалар, оқырмандар көбейе берсе екен.
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте
көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік
асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті
бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі
жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз,
ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан
тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.
«Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз
бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың
бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын.
халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз
елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да
аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана
тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да
ыстық.
Бастауыш ата-анам (Кімдер)
Баяндауыш тебуді Үйретті (не істеуді)
Анықтауыш бес жасымда (қанша)
Толықтауыш маған (кімге)
Толықтауыш шаңғы(нені)