Тәуелсіздік алған алғашқы күннен-ақ Қазақстан білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударды. Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын жоғары бағалап, экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан осы салаға барынша қолдау көрсетті.
Халқымызда “Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады” деген ұлағатты сөз бар. Білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігі, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екендігі белгілі. Расында да, білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық-рухани күш, қуат көзі жоқ екені шындық. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білімге негізгі басымдық беріп отырғандағы басты себебі содан. Өйткені, білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры, ел дамуының алтын арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы білімде жатқанын ұлы Абай да жақсы айтқан: “Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма”, – дейді ол.Бүгінгі кезеңде отандық білім берудің ұлттық моделін құруға байланысты қыруар шаруалар атқарылу үстінде. Ал, бұл мәселе төңірегінде іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына оншақты жыл болды. Қазір осыған орай республикамызда заңнамалық және нормативтік-құқықтық база қайтадан құрылу жолында. Нақтылай түссек, халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген қазақстандық білім беру жүйесіндегі реформалар жүзеге аса бастады.
Қорытындылай келе, әрбір адам баласы еңбектену қажет.
Моя подруга Асем - отличница. Поведение очень хорошее.
Очень много читает былины . Поэтому ей дали путевку на дом отдыха.
Мама Асем приготовив вещи Асем, раа за нее, но в это же время волнуется того что она уезжает очень далекою в день когда она должна была ехать мама: Едешь в дальнюю дорогу, попроси слова напутствия у стариков в ауыле
Құс – қанаты, қауырсыны, тұмсығы бар, жылықанды, омыртқалы жануар.
Құстардың басым көбі ұша алады. Олардың алдыңғы аяғы қанатқа ай- налған, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген. Сүйектерінің іші қуыс болғандықтан, қаңқасы жеңіл. Бұл ұшуға жеңілдік туғызады. Құстар ұшқан кезде, көп қуат жұмсайды, сондықтан ұшуға дәрменді болу үшін жемді көп жеулері керек. Құстар уақытының басым көбін азық іздеумен өткізеді. Олар жәндіктер санын реттеу мен өсімдік ұрықтарының таралуына зор ықпал етеді. Құстардың ас қорыту жүйесі қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Ұшқыш құстардың қанаты оның жер- ден көтеріліп ұшуына ыңғайлы боп жаратылған. Қазіргі құстардың тісі жоқ. Бірақ ежелгі құстарда тіс болған. Құстардың тілі бар, бірақ бір ерекшелігі – олардың тілінде сүйек болады.
Құстардың көпшілігі балапан өрбіту және азыққа тояттау үшін жылы жаққа ұшып кетеді.
Құстарды Жер шарының барлық түкпірінен кездестіруге болады. Бүгінгі таңда құстардың 9000-дай түрі бар.
<span>менің бөлме үлкен, онда бар терезе , шкаф, кереует, үстел өтті . мен өз жұмысымды жақсы көремін бөлмеге онда ісімді сабақтар мен ұйықтап жатырмын . Менің бөлмеде жақсы өйткені маған бірде-біреу ғана кедергі қуаныштымын маған бар бөлме.</span>
Мәдени мұраларды зертеу қай ұрпақ үшін де мәртебелі міндет санаған. Дегенмен тарих доңғалағы әрдайым бір ырғақпен қозғала бермеген. Бір заманда жарқырап көрінген кейбір рухани қазыналардың келесі бір тарихи кезеңде көмескі тартатыны, не болмаса керісінше, кешегі күні қадірі мен қасиеті елеусіздеу саналған мұраның бағы жанар жұлдызды шағы туатыны - өмір шындығы. Адамзат парасатының алдындағы биік міндет – шын асылды жасықтан айырып ала білу, оның өзіне лайық бағасын беру. Тарих осыны талап етеді.
Қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған соңғы оншақты жылдың көлемінде рухани дауымызда бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. Бұрын жоғалтқан, жоғалта жаздаған асыл қазыналарымызды қайта таптық. Қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес, тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды. Ұлттық әдебиетіміздің тарихында мәртебесі биік саналатын Абай және оның ақын шәкірттерінің есімдері қайта жаңғырып, олардың өлмес - өшпес мұралары туған халқының назарына ұсынылды. Шығармалары жеке – жеке кітап болып басылып шықты. Соңғы жылдары жиырмасыншы ғасыр басындағы ұлттық әдебиетіміздің шежіресіндегі ақтандақ жайттар, жазықсыз жалалы болған есімдер, қайта ашылған мәдени мұралар жөнінде бірқатар игілікті зерттеулер жүргізілді. Көрнекті қаламгерлердің әдеби мұралары әр қырынан қаралып, өз бағасын алу үстінде.
Қазақ мәдениетін тану ғылымы, оның ішінде Абай жайындағы ғылым жемісті, дұрыс арнаға неғұрлым молырақ түскен сайын оның терең тағылымды ойлары жайындағы мәселе де соғұрлым тереңірек әрі нақтылы зерттеле бастады. Бұл салада М.Әуезов ұзақ уақыт бойына еңбек етті. 1933 жылы жазған «Абайдың туысы мен өмірі» атты мақаласында ол ұлы ақын өз маңындағы талапты жастарға ұстаздық еткенін, шығармашылыққа баулығанын айтады. Ал келесі жылы «Абайдың ақындық айналасы» атты мақаласында ол бұл мәселеге арнайы тоқталады. Зерттеушінің айтуынша Абай өзінің ақын шәкірттеріне идея, тақырып, сюжет беріп, жол көрсетіп отырған.
Абай өзінің бүкіл шығармашылығымен, эстетикалық - көркемдік принциптерімен бүкіл қазақ поэзиясының жаңа арнада дамуына, онда реалистік әдістің белең алуына айрықша әсер етті. Ал бұл әсер оның өз төңірегіндегі ақындарға тіпті күшті болды.
Абай өзі жазған Шығыс сюжетіне құрылған шығармаларды тек өзі ғана жазбай, шәкірттеріне де тақырып етіп беріп отырған. Сол арқылы оның
шәкірттерінің шығармаларында да Шығыстық сюжетке құрылған аса құнды қисса - дастандар, поэмалар туындады. Бұл тақырыпта аянбай еңбек еткен шәкірттері - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Көкбай Жанатайұлы, Әріп Тәңірбергенұлы және Әсет Найманбайұлы.
Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған «Ләйлә - Мәжнүн», Көкбай Жанатайұлының «Ғадыл патша қиссасы» мен «һарун Рашид патшасының қиссасы», Әріп Тәңірбергенұлының «Зияда -Шаһмұрат», «Баһрам», «Қожа Ғафан», Әсет Найманбайұлының «Ағаш ат», «Үш баланың әңгімесі», «Шеризат», «Француз патшаның баласы», «Салиха - Сәмен» туындыларына Абай өз поэмаларына арқау еткен шығыс әдебиетінің әйгілі туындысы «Мың бір түннен» тақырып алып беріп отырған. Бұл олардың шығармашылық жолдарын дамытуға, ақын ойларының кеңеюіне әкелді. Абай маңындағы ақын шәкірттер ұлы ұстаздың өнегесін ілгері дамытты.
Шәкәрім дана Шығыстың дариядай айдынды, тұңғияқтай құпиялы, терең ойлы, дәстүрлі мұрасын өз талантының табиғатына дарыта білді. Ежелгі сөздің, өрнекті ойдың қасиетін жете сезінді. Ақынның «Оятқан мені ерте Шығыс жыры» деген өлең жолы осы сабақтастық тамырының тым тереңде жатқанын аңғартса керек. Шығыс жырының әлдиімен оянған ақын кейінірек шығыстық аңыздар мен сюжеттік желілерді шеберлікпен қайта тірілтті. Фирдоуси, Хафиз, Физули, Сағди тәрізді жарық жұлдыздар поэзиясынан өзіне қажетті нәрді талғап, таңдап ала білді, оларды өзінің шабытты жүрегінен өткізе жаңғыртып жырлады. Мәселен, Сағди дастандарындағы әр алуан хикаялар сюжеттерін Шәкәрім бірде өлеңмен, бірде қара сөзбен қайта өрнектеп, Шығыс ақынының шығармасынан өзінің ойларына тірек болар тиянақ іздейді. Өзінің фиолософиялық түйінін қосады. Ондайда Шығыс ойшылымен кейде үндесіп, кейде одан алшақтау табылып жатады.
Шәкәрім көне Шығыстың әдебиетінен келе жатқан нәзирашылдық дәстүрден мол сусындады. Бұрыннан белгілі оқиғалар жайын баяндағанда немесе өзге елдердің шығармаларын қазақша сөйлетуге келгенде Шәкәрім көбінесе осы дәстүрдің ықпалында болды. Бұл ежелгі дәстүрге құрғақ еліктеу немесе көзсіз жан жүгіну емес.
Шәкәрімнің қолданысындағы нәзирашылдық дәстүрдің ең бір жарқырап көрінген мысалы - «Ләйлә - Мәжнүн» дастаны. Күні - бүгінге дейін біресе аударма деп, біресе ақынның төл туындысы деп бағаланып келе жатқан дастанның көркемдік ой кестесі құрылымдық сипаты, жалпы шығармашылық табиғаты «Ләйлә - Мәжнүнді» қазақтың ұлттық әдебиетінің жазира жайлауында өмірге келген төл перзентіне жақындата түседі. Ал шығарманың өмірге келуінің түпкі негізіне зер салсақ, әрине, ол сонау Физули, Низамилерге көш басын түзейді. Міне, осы екі арнаны сабақтастыру, шығыстық сюжеттің сырын қазақ даласының бойына дарыту, ойына сіңіру жолында Шәкәрім нәзирашылдық дәстүрді тамаша пайдалана білді.