Менің ойымша,Ақорда түпкі ой мен оның іске асырылуы жөнінен Қазақстан тәуелсіздігінің көркем бейнесін білдіреді. Резиденцияның барлық залдарында ерекше ішкі жасаулар, аспалы шамдар және жиһаздар бар. Едендер мәрмәрдің, граниттің және көркем паркеттің алуан түрімен апталған.Бірінші қабатта көлемі 1 800 шаршы метр Орталық салтанатты холл орналасқан. Ол құрметті қарауылдың қатысуымен өтетін ресми қабылдауларға арналған.Сонымен қатар, бірінші қабатта Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдаулар өткізуге арналған Салтанат залы, Мемлекет басшысының БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясы және кездесулер өтетін зал,сондай-ақ Қысқы бақ орналасқан.Ал,екінші қабатта қызметтік бөлмелер бар.Үшінші қабатта мынадай залдар орналасқан:киіз түріне ұқсас Шығыс залы,Алтын зал,Доғал зал,Қонақ бөлме, Кеңейтілген келіссөздер залы және Қауіпсіздік кеңесінің залы.Соңғы залдың басқаларында Қазақстан мен шет елдер арасындағы кездесулер,келіссөздер өткізіледі.Төртінші қабатта: Күмбезді зал,Отырыс залы,Келіссөздер залы мен кітапхана бар.Күмбезді залда Мемлекет басшысының жоғарғы деңгейдегі кеңестері өткізілсе,Отырыс залында Президенттің Үкіметпен,қол астындағы іскер топтармен кездесуі өткізіледі.Кітапханада кітаптардың бірегей коллекциясы жиналған.
Жалпы, Ақорданың ішкі сәулеті мен безендірілуі Қазақстанның заманауи мемлекеттік стилін көрсетеді.Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясы біздің еліміздің ең маңызды және танымал символдарының бірі мәртебесін иеленеді деп білемін.
Атау септік-кітап
ілік септік-кітаптың
барыс септік-кітапқа
табыс септік-кітапты
жатыс септік-кітапта
шығыс септік-кітаптан
көмекте септік-кітаппен
Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:
- Ассалаумағалейкум, ағалар! - деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.
Жолаушының жасы үлкені:
- Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл? - Сейітқұл аулы. - Өзің кімнің баласысың? - Бөйкектің баласымын - Атың кім? - Қосуа бидің «үйі қайсы? - Анау астында, онда не шаруаларыңыз бар еді? - деп, сұрайды бала. - Даулы болып келеміз, - дейді әлгі қарт жолаушы. - Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып: - Балаңызды ат босағада тепсе - бүтін күн, жабықта тепсе - жарты күн, түзде тепсе - төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын - дейді.
Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады. Үйлерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың кесімін айтып, балаңызды ат түзде тепсе - төрттің бірін шыдар - деп, әлгі күн даулап барғандарды риза етіпті. Сонда әлген баланың әкесі: - Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүрген бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар - деген екен.