Ответ:
Отбасы мүшелерінің табиғи дəрумендер мен препарат дəрумендерді қолдануы туралы сауалнама.
Мейрамбек: Ата, бүгін өзіңізді қалай сезініп тұрсыз? Қалай демалдыңыз?
Ата: Рахмет, құлыным. Бүгін тәуір болдым. Кеше дәрігер беріп кеткен дәрі – дәрмек пен дәрумендерді уақтылы қабылдап тұру керек.
Мейрамбек: Ия, ата. Денсаулығыңызға немқұрайлы қарамаңыз! Мен таңертең дәрігер жазып берген рецепт бойынша дәріханадан барлығын сатып алып келдім.
Ата: Өркенің өссін, құлыным!
Мейрамбек: Ата жалпы дәруменді қолдануға қалай қарайсыз?
Ата: Балам, мүмкіндігінше табиғи дәрумендерді қолданған дұрыс. Табиғи дәрумен дегеніміз – жеміс – жидек, көкөністер. Дегенмен, оларды қолданған кезде де маусымына қарай пісетіндерін қолдану керек.
Мейрамбек: Ата, ал дәріханада сатылатын дәрумендер ше, сонда оларды қабылдауға болмайды ма?
Ата: Жоқ, балам, қабылдауға болады әрине. Бірақ өз бетіңмен емес, тек дәрігердің нұсқаулығымен қабылдаған дұрыс.
Мейрамбек: Ал сіз қаншалықты жиі препарат дәрумендерді қолданасыз?
Ата: Қазір жиі қолдануға тура келеді, өзің көріп тұрғандай, денсаулығым анда – санда сыр беріп, ауырып қалатын болып жүрмін.
Мейрамбек: Олар қаншалықты жақсы әсер береді деп ойлайсыз?
Ата: Енді әжептәуір көмегі тиеді деп ойлаймын. Қабылдағаннан кейін жақсарып қаламын.
Мейрамбек: Жақсы, ата. Мен қазір дәрумен ішетін су алып келейін.