Срочно нужна ваша помощь, тест по казахскому. 50 БАЛЛОВ! 1. Антоним бола алатын сөздер қатарын белгілеңіз. A) Ұстаз – оқытушы.
Срочно нужна ваша помощь, тест по казахскому. 50 БАЛЛОВ!
1. Антоним бола алатын сөздер қатарын белгілеңіз.
A) Ұстаз – оқытушы.
B) Қайратты – жігерлі.
C) Жаман – нашар.
D) Әдемі – сұлу.
E) Ақ – қара.
2. «Белый - черный» антоним сөздерінің қазақша аудармасын белгілеңіз.
A) Ұзын – қысқа.
B) Биік – аласа.
C) Әлді – әлсіз.
D) Жақсы – жаман.
E) Ақ – қара.
3. Бірыңғай ұяң дауыссыз дыбысты сөздер қатарын анықтаңыз.
A) Әдеби, жезде, бөгде
B) Рухани, әлем, жомарт
C) Толқын, пікір, сандық
D) Өсиет, тәртіп, баспана
E) Сұраныс, ермек, қиын
4. Қазақ әліпбиінде алтыншы тұрған дыбысты анықтаңыз.
A) з
B) д
C) ғ
D) ж
E) г
5. Жұрнақ жалғанған дара сөзді табыңыз.
A) Қызыл шай.
B) Ата-анадай.
C) Кешегі.
D) Кешеден.
E) Баспасөз.
6. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді белгілеңіз.
... саусақ бірдей емес.
A) Бес.
B) Он.
C) Бір.
D) Екі.
E) Жеті.
7. Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.
A) Алтау.
B) Екі мың.
C) Екі жүз елу.
D) Он төрт.
E) Алты.
8. Болымсызетістікті табыңыз.
A) Жиналыстан қал(ма).
B) Қызық жарна(ма).
C) Атым Ал(ма).
D) Бұл шығар(ма).
E) Кітап бар(ма).
9. Сөйлем түрін анықтаңыз.
Көктем. Қараңғы дала.
A) Толымсыз сөйлем.
B) Жалаң сөйлем.
C) Атаулы сөйлем.
D) Жайылма сөйлем.
E) Жақты сөйлем.
10. Бір тәулікте неше сағат бар екенін анықтаңыз.
A) Он төрт.
B) Он екі.
C) Жиырма төрт.
D) Отыз бір.
E) Жиырма екі.
11. Антоним сөздерді анықтаңыз.
A) Басында, артында.
B) Қасында, ішінде.
C) Астында, үстінде.
D) Жанында, алдында.
E) Алдында, қасында.
12. Бірыңғай ұяң дауыссыз дыбыстан басталған мақалды табыңыз.
A) Жұмысы бардың жүйкесі тыныш.
B) Батыр жарасыз болмас.
C) Бөрі соғар жігіт бөркінен белгілі.
D) Болат бүгілмес, морт сынар.
E) Жамандық жақын, жақсылық алыс.
13. Түбірлес сөздер қатарын анықтаңыз.
A) Оқу, білім, ғылым.
B) Күн, ай, жыл.
C) Біл, білім, білгіш.
D) Орындық, озат, орақ.
E) Дос, доп, долы.
14. Жұрнақтарды анықтаңыз.
-ыншы, -інші, -ншы, -нші.
A) Реттік сан есімнің жұрнағы.
B) Көсемшенің жұрнағы.
C) Етістіктен сын есім тудырушы жұрнақ.
D) Зат есімнен туынды сын есім жасаушы жұрнақ.
E) Зат есім жасаушы жұрнақ.
15. Демеулік шылау түрлерін ажыратыңыз.
-ау, -мыс, -міс.
A) Болжалдық.
B) Болымсыздық.
C) Күшейткіш.
D) Шектік.
E) Сұраулық.
16. Дұрыс құрылған сөйлемді белгілеңіз.
A) Күләштің дарыны әншілік әкесінің байқалды әндерін тыңдаған.
B) Әкесінің әндерін тыңдаған Күләштің әншілік дарыны байқалды.
C) Дарыны байқалды әншілік Күләштің әндерін тыңдаған әкесінің.
D) Байқалды әндерін әкесінің дарыны тыңдаған Күләштің әншілік.
E) Әншілік әндерін байқалды дарыны Күләштің әкесінің тыңдаған.
17. Бастауыштың көпше түрдегі сұрағын анықтаңыз.
A) Баспасөз деген не?
B) Кітап басу ісі қашан пайда болды?
C) Баспасөздің қандай түрлері бар?
D) Баспасөздің көне түрлеріне нелер жатады?
E) Баспасөз жүйесінің қызметі немен реттеледі?
18. Шығыс септігімен тіркесетін септеулікті табыңыз.
A) Кешеден бері қауырт жұмыс көбейді.
B) Домбырамен ән айтады немесе күй шертеді.
C) Бұл сырды қасым түгіл досыма да айтпадым.
D) Ол сабаққа бармады, себебі денсаулығы болмады.
E) Егер де киноға барсаң, маған айт.
19. Cын есімнен жасалған анықтауышты табыңыз.
A) Жарысқа он оқушы қатысты.
B) Сынған ағашты кесті.
C) Сыныпқа жаңа оқушы келді.
D) Қазақстандықтар соғысқа қатысты.
E) Сынып екі топқа бөлінді.
20. Жұмбақтың шешуін табыңыз.
Білімнің жолбасшысы, шәкірттің қолбасшысы.
A) Сынып.
B) Асхана.
C) Дәрігер.
D) Ұстаз.
E) Сатушы.