Соответственно
жиі-жиі, үлкен-үлкен, турлі-турлі, газет- журналдан, қызық-қызық
А.с жібек
і.с жібектің
б.с. жібекке
т.с жібекті
ш.с жібекте
ж.с жібектен
к.с жібекпен
Есіл өзені — Сарыарқада биіктігі 400 – 500 метр Ниаз тауынан басталып Батыс Сібірге жеткенде Ертіске Құяды. Қазақстан территориясында Есілдің ұзындығы 1400 километр. Егер ұзындығы жағынан Дон өзенімен қатарласса, су шығыны Доннан алты есе кем. Есіл өзені Целиноград және Солтүстік Қазақстан облыстарын басып өтеді. Өзеннің су жиналатын алқабы 144 мың шаршы километр, ал республикамыздағы аумағы 113 шаршы километр. Есілге Колутон, Терісаққан, Аққанбурлық және Төменгібурлық өзендері қосылады. Есіл жазықтық өзеніне жатады, сондықтан оның шығыны қар, жер асты суы және жауын – шашынмен толығып отырады. Олай болса, су шығыны ауа райына байланысты – кей жылдары мол, кей жылдары өте аз болады. Судың жылдық орташа шығыны Цилиноград қаласының тұсында секундына 6,2 текше метр, ал Петропавл қаласының тұсында секундына 57,7 текше метрге дейін барады. Сәуір айында Целиноград маңында орташа жылдық су шығыны он есе көбейсе, Петропавл тұсында 7 есеге дейін көбейеді, сол кезде су деңгейі Целиноград қаласының тұсында 2 метрден 4 метрге дейін көтерілсе, Петропавл қаласының маңында 4 метрден 9 метрге дейін көтеріледі. Есіл өзенінің бойында Есіл, Сергиев, Осакаров және тағы басқа су қоймалары бар. Сергиев су қоймасы суды совхоз – колхоздарға құбырлар арқылы жеткізеді. Сонда көптеген совхоз бен колхоздарды сумен қамтамасыз етіп, қосымша 40 мың гектар жерді суландырады..
Орақтұмсық (лат. Ibidorhyncha struthersii) – татреңтәрізділер отряды, қарала балшықшылар тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньнің биік таулы беткейлерінде, Іле Алатауының Үлкен және Кіші шатқалында, Шелек, Асы, Қаражар және Қарқара өзендерінің жоғарғы ағысында кездеседі. Дене тұрқы 41 см, салмағы 300 г-дай, қанатының ұзындығы 22 – 25 смАрқасы және жемсауы сұрғылт келеді, кеудесінде қара жолағы бар. Орақ тәрізді имек тұмсығы мен аяқтары қызыл түсті. Орақтұмсық – отырықшы құс. Жеке жұптары ұсақ тастар арасына шұңқырлап ұя салады. 3 – 4 жұмыртқаны мекиені мен қоразы кезектесіп басып, балапандарын да бірігіп өргізеді. Негізінен ұсақ балықтармен және әр түрлі омыртқасыздармен қоректенеді
Ақ тырна (лат. Grus leucogeranus) — тырналар тұқымдасының бір түрі. Қазақстанның батыс және орталық аймақтарын көктемгі (сәуір — мамыр) және күзгі (тамыз — қазан) ұшу кезінде қоныстайды. Бұл кезде Наурызым қорығында, Ырғыз және Торғай өзендері мен Арал теңізі жағалауында жиі кездеседі. Сирағының төменгі жағы қауырсынсыз, құйрығы қысқа. Мойны, аяғы ұзын. Қанатының қарымы 2 метрге, салмағы 10 кг-ға дейін жетеді. Қанаты ақ, қанатының ұшы қара, тұмсығы қызыл. Суат маңын, көбінесе батпақты жерлерді мекен етеді. Өсімдік дәнімен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ұясын шөп арасына, кейде тайыз су бетіне салады. Сәуір—мамырда 2-3 шұбар жұмыртқа туып, оларды мекиені 1 айға жуық басады. Жыл құсы. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Ақбас тырна
Ақбас тырна (лат. Anthropoides virgo) – тырнатәрізділер отрядына жататын құс.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарындағы далалы және шөл-шөлейтті аймақтарды мекендейді.
Ақбас тырна – жыл құсы. Қыркүйек – қазанда жылы жаққа ұшып кетеді. Солт.-шығыс Африка, Палестина, Ирак, Үндістан, Пәкістан, Бирма жерлерінде қыстайды. Өсімдік дәнімен, бүршігімен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары ұялау мекені тарылып, саны күрт төмендеді. Бірақ 1970 – 1980 жылы саны қайтадан көбейе бастады. Ақбас тырна қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Басқа тырналар тұқымдасына қарағанда Ақбас тырнаның денесі кіші болып келеді. Шекесінде айдар тәрізді ұзын ақ қауырсындары бар. Қанатының ұзындығы 42 – 54 см, салм. 2 – 3 кг-дай. Басы, мойнының асты мен омырауы қара, ал басқа қауырсындарының түсі көкшіл сұр болады. Құс ойнағы кезінде өздеріне тән қимыл-қозғалыстар жасап, «тырналар биін» билейді. Жұптасып, жерді аздап шұңқырлап, оған құрғақ шөп төсеп, ұя салады. Мекиені мен қоразы 1 – 2 жұмыртқаны 28 – 30 күндей кезектесіп басады.
Түркімен құланы
<em>Пысықтауыш бұл сөйлемде іс қимылдың түрлі белгісін(мекенін, мезгілін) анықтайтын мүше. сұрақтары қайда?қандай?</em>