Егістік жерінді күз айда, жазға қалса, жүз айда. (Поле осенью паши, если осенью не вспашешь, весной сто раз пахать придется. ) Егіндікті күз суар, күз суарсаң, жүз суар. (Пашню осенью по сто раз поливай. ) Егілмеген жер жетім, елінен айырылған ер жетім. (Сиротливо смотрится пашня, на которой не сеют, сиротою выглядит джигит без родины. ) Жеріне қарай егін ек, жолына қарай жегін жек. (Про посевы знает тот, кто их засевает, про телегу знает тот, кто ее запрягает. ) Жастанғаның жапырақ, төсенгенің топырақ. (Под голову листья стелятся, под тело земля ложится.)
1 год назад
Ответ:
Берілген сұрақтарға жауап.
1. Иә, менің досым бар.
2. Оның есімі Айдар.
3. Менің досым он бірде.
4. Біз екеуміз бірге бесінші сыныпта оқимыз.
5. Айдар - оқу озаты.
6. Досымның мінезі – сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді.
7. Бос уақытында ағылшын тілі мен домбыра үйірмесіне қатысады.
8. Айдар сенімді және мейірімді дос.
Ответ:
Баянауыл – Павлодар облысының оңтүстік-шығысында орналасқан Баянауыл ауданының орталығы. Баянауыл тауларының ортасында Сабындыкөл жағасында орын тепкен.
Баянауыл ауылының өзі - өте көрікті жер, халқы 4472 адамды құрайды. Тарихы 1826 жылы казак станицасының құрылысынан бастау алады, оның алғашқы атаманы болып болашақ этнограф, географ, саяхатшы Г. Потаниннің әкесі Н. Потанин болған. Ол кезде халық саны 800 адамды ғана құраған екен. Ал 1833 жылы ғана Баянауыл округ болып құрылды.
Баянауыл елдімекені – курортты аймақ, ол 1985 жылы Ұлттық табиғи саябақ статусына ие болды. Саябақ табиғаты өте ерекше жаралған табиғатымен әйгілі: Баянауыл таулары батыстан шығысқа қарай 40-50 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20-25 шақырым. Ең биік нүктесі – Ақбет тауы, ол 1026 м биіктікте. Таулы-орманды оазис 450 шаршы шақырымды алып жатыр, оның негізгі ерекшелігі – жартастар (Кемпіртас, көгершін, Булка (Найзатас), аттың басы, тас жастықтар және т.б.), Сабындыкөл (ауданы 7,4 шаршы шақырым) және Жасыбай (ауданы 4 шаршы шақырым) көлдері, үңгірлер (Әулиетас 22 м) және Драверта үңгірі (тастағы жазулар), Құмыра (сарқырамасы бар 3 м), тас шатқалдары және т.б. көрікті жерлердің
Жақсы сөз – жарым ырыс» деп текке айтпаған. Адамның адамдығын тілеуіне, пейіліне қарап өлшейтін қазақ баласы айтылған сөзге, тілеген тілекке, берілген батаға ерекше мән берген. Сондықтан той-томалақта, келелі жоралғыларда бір-біріне тілек тілеп, қадірлі қариядан бата алу ықылым заманнан дәстүрімізге айналып, тұрмыс-тіршілігімізбен біте қайнасып кетті. Қазақ бата арқылы ұрпағын адамгершілікке, имандылыққа, ақылдылық мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған. Дуалы ауыз қариядан алған ақ бата адамға рух беріп, жігерлендіріп отырған.
Алты алаштың ардақтысы болған би-шешендеріміздің берген баталары ел аузында сақталып халық мұрасына айналып, қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қалыптасты. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, обал-сауап тұрғысындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Киелі сөзге айналған бата екі түрге бөлінеді: ақ бата, теріс бата. Ақ бата игі ниеттен туғандықтан ел аузында сақталып, жаңғырып дамып отырды да, жақсылыққа ғана құштар халқымыз теріс батаны ұмытуға тырысты. Сондықтан ақ батаның – нәрестеге бата, асқа бата, ұлға бата, қызға бата, келінге бата, жолаушыға бата, жастарға бата, сүндет той батасы, наурыз батасы, ораза айт батасы, жарапазан батасы ас қайыру батасы сияқты түрлері көп.<span>
</span>