Сіздер қанша жыл доссыздар?
Зат есім это имя существительное
Ответ:
құлпырып көк өсер құйған сайын
Жауабы: Нөсер, жауын
Қиындық кезең сындары Ерліктің отын маздаттың. Соғыстың сұрапыл жылдары - Тағдыры талай боздақтың. Аттанып ердің дүрмегі, Отан деп келді сөз басы. Соғыстың күңгірт күндері - Жесірдің ащы көз жасы. Алыстап жылдар барады, Білініп уақыт бағасы. Соғыстың зарлы заманы - Жетімнің қайғы, наласы. Ерлікке толып өткені, Ұмытылмай тұрды ер ісі. Соғыстың соңғы көктемі - Солдаттың асқақ Жеңісі. Жақыны қамығып ойланған, Тағдыры солай болса бір. Оралмай қалып майданнан, Хабарсыз кетті қаншама ұл. Өссе де ұрпақ тербеле, Демейік өткен солғындар. Ұмытылмай жатсын кеудеде Соғысты көрген тағдырлар. Салмағын содан ұғасың, Жеңістің білсең бұл күнін. Осынау күннің куәсін Құрметтей, ұрпақ жүр бүгін.