Ответ:
Абай ескерткіші — Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласындағы Абай атындағы алаңға орнатылған ескерткіш (1960). Ескерткіштің тұтас биіктігі — 13,7 м.
Ескерткіш қоладан құйылып, тұғыры қызыл граниттен қаланған. Тұғырдың алдыңғы бетіне «Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев (1845—1904)» деп жазылған. Мүсінші X. Е. Наурызбаев ақынның өмір белестерінен өтіп, халық қамқоршысы, ел ағасына айналған кезін, толыққан, салиқалы бейнесін жасаған. Ескерткіште басында тақия, иығына өңірі ашық желбегей шапан жамылған Абай сол қолына кітабын қысып ұстаған күйі терең ой үстінде ілгері басып келеді. Сәулетші И. И. Белоцерковский де ескерткіш тұғырын, ақын тұлғасын мазмұн жағынан байыта түсетіндей, Абайдың шыққан биігін символдық тұрғыдан бейнелей алатындай көлбеу өрлеткен. Ескерткіштің алдынан басталып, батысқа қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатқан әсем көше - Абай даңғылы ақынның поэзияда салған ұлы сүрлеуі іспеттес. Абай ескерткішіне қазақ және басқа ұлт ақындары (Қ. Мырзалиев, С. Сейітов, С. Хангелдин, Ө. Жайлауов, Ш. Садыханов, Н. Жарқынбаев, Т. Жұмамұратов, Г. Некрасов, М. Оспанов т. б.) өлең-жыр арнаған.
Объяснение:
Данышпан,ғұлама,дана,ойшыл
Подлежащее, главные члены предложения
Тапкыр коян кандай фантазия
Мысал келтірші ырықсыз Етіс дегеніміз қолданушының іске қатысы бар екенын білдірмей тек істін істелип тұрғанын көрсететін етістін бір түрі ырықсыз етіс деп аталады.